ШЫМКЕНТТЕ АРНАЙЫ МОНИТОРИНГТІК ТОПТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылуын сыртқы талдау және бағалау жөніндегі Арнайы мониторингтік топтың отырысы өтті.
Іс-шараға Шымкент қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы А.Жұмағали, басшының бірінші орынбасары Т.Серікбаев, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Е.Төлебаев, АМТ басшысы А.Орынбек және топ мүшелері қатысты.
Іс-шарада Департаменттің мониторингтік топпен және «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесімен өзара байланысы, сондай-ақ алдағы жоспарлар талқыланды.
Сыртқы талдау мониторингін жүзеге асыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау үшін негізгі салалар анықталды.
Іс-шараның қорытындысы бойынша азаматтық белсенділер, бизнес өкілдері, жастар мен БАҚ өкілдерінен құралған Арнайы мониторингтік топтың жаңа құрамы бекітілді.