ТҮРКІСТАНДЫҚ ТҮЛЕК 140 БАЛЛ ЖИНАДЫ
Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы №37 Б.Майлин атындағы жалпы орта мектебінің түлегі, «Алтын белгі» иегері Жұбай Қасымжан Адилжанұлы максималды 140 балл жинады.
Түркістан облысы бойынша 20-24 маусым аралығында жалпы саны – 13854 түлек ҰБТ тапсырды. Облыс бойынша жоғары балл 135-137 балл аралығында 9 түлек жинады.
Айта кетейік, облыс бойынша 2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты 24 513 оқушы бітірді. Оның 16376-сы ҰБТ тапсыруға өтініш берген.
Түркістан облысы баспасөз қызметі