Мемлекеттік қызметтің QR-коды енді қаланың ХҚКО-да

Енді мемлекеттік қызметке кіру бойынша қажетті ақпаратты жинақтаған QR-код Шымкент қаласының ХҚКО-ларында да орналасқан.

QR-код арқылы әрбір адам мемлекеттік қызметке іріктеу кезеңдері, тестілеу ержелері мен бағдарламалары, сынамалы тестілеу және тіркеу тәсілдері туралы толық біле алады. Ол үшін Сіздің дербес смартфоныңыздың көмегімен мемлекеттік қызметтің QR-кодын сканерлеу қажет.

Департаменттің негізгі мақсаты – осы сервисті пайдалану арқылы мемлекеттік қызметке ораналасуға ниет білдірген азаматтар үшін барынша қолжетімді және мобильді құрал құру.

Жақын болашақта осы сервисті тарату ауқымын да, ондағы пайдалы ақпараттың санын да арттыру жоспарлануда.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444