«ТҮРКІСТАН – АДАЛДЫҚ АЛАҢЫ» ЖОБАЛЫҚ КЕҢСЕСІНІҢ НЕГІЗГІ ҚЫЗМЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2019 жылғы 15 желтоқсан күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаментінің бастамасымен «Түркістан-Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің таныстырылымы өтті.

Іс-шараға облыс әкімі, орталық органдардың аумақтық департамент басшылары, облыстық басқарма басшылары, облыстық арнайы мониторингтік топ төрағасы, «НұрОтан» ХДП хатшысы, Облыстық Мәслихат хатшысы, Қоғамдық кеңес төрағасы және жобалық кеңсе қызметшілері қатысты.

Жобалық кеңсенің негізгі мақсаты — тұрмыстық жемқорлықты жою және азаматтарға қолайлы жағдай жасау, қоғамдық бақылауды іске асыру мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Жиында аталған жобаның атқаратын негізгі қызметімен Департамент басшысы Ғ.Тұрсынбаев толығымен таныстырып өтті.

Кезегімен сөз сөйлеген облыс әкімінің орынбасары М.Отарбаев және жоба жетекшісі Е.Мустафа тақырыптық бағытта баяндамалар жасады.

Сондай-ақ, жоба аясында атқарылатын қызметтердің жұмыс барысы талқыланып, бірқатар ұсыныстар енгізілді және жиынға төрағалық еткен облыс әкімі Ж.Түймебаев бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді.

Кеңінен тоқталсақ, аталған жоба келесі мәселелерді шешуге бағытталған, яғни кедергісіз және жайлы мемлекеттік қызметтерді көрсету, қоғамда сыбайлас жемқорлықты қабылдамауды қалыптастыру бойынша нақты шараларды енгізу, ашықтық пен ауқымды қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету, мемлекеттік сатып алу саласының ашықтығын арттыру, сот және құқық қорғау жүйесін сервистік форматқа ауыстыра отырып, сапалы өзгерістер енгізу.

Айта кетсек, бұл Жоба 12.12.2018 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі төрағасының орынбасары А.А.Шайымова Түркістан облысына іс-сапары барысында салтанатты түрде ашқан болатын.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444