Жамбылдықтар жержаңғақ егуде

Жамбыл өңірі ауыл шаруа­шы­лығына қо­лай­лы аймақ бол­ғанымен, мұнда да жер­жаң­ғақ өспейтін. Жергілікті халықтың күн­делік­ті тұтынып отырған жер­жаңғағы өзбек жері­нен жет­кізіледі. Осы олқылықтың орны то­лып, бұдан былай өңірде жержаңғақ өсіріл­мек.
Жамбыл облысының, Шу ауданы, Қорағаты ауылындағы «Анар-1» өндірістік кооперативі тың кәсіп жержаңғақ өсіруді қолға алған. Былтыр 25 гектар алқапқа бұршақ тұқымдас майлы дақылды еккен шаруа өнімге деген сұраныс жоғары болғандықтан, биыл оның көлемін екі есеге арттырған. 2005 жылы құрылған шаруашылық негізінен бау-бақша өсірумен айналысады. Агроқұрылымның иелігінде қазіргі күні 400 гектар жер бар. Былтыр ғана экзотикалық дақылды өсіруді қолға алған шаруа агротехникалық шараларды жақсы білмегендіктен өнімді аз жинапты. Ал биыл несие арқылы қымбат техника алып, өнім көлемін еселемек. Агроқұрылым жержаңғақты әуел­гіде шағын алқапқа егіп көріп, оның өнімінің мол екеніне көз жеткізген соң ғана әрі қарай алқапты ұлғайтуға тәуекел етеді.
Ербол Ерғазиев, өндіріс басшысы: – Былтыр 25 гектарға еккенбіз, техникамыз болмағандықтан дұрыс жинай алмай, аз ғана өнім алдық. Енді биыл сол былтырғы өнімнің тұқымын алып, биыл 50 гектарға көбейтіп отырған жайымыз бар, 1 гектарға 2 тонна, 50 гектарға 100 тонна аламыз деген жоспарымыз бар.

50 гектар алқапты алып жатқан жержаңғақ заманауи технологияның әдісімен жаңбырлатып суарылады. Бұл құрылғының артықшылығы, еш адамның көмегінсіз өздері жылжып, 50 метрге дейін жерді сумен қамтамасыз етуге қауқарлы. Яғни жаңа ауылшаруашылық техникасы тірлікті анағұрлым жеңілдеткен. Алайда жұмыстардың барлығы дизель отынның арқасында іске асырылатындықтан, шаруаларға бағаның шарықтауы тиімсіз болып тұр. Өйткені субсидиямен берілген сұйық отын барлық шаруашылыққа жеткіліксіз. Аккар Гасанов, Қорағаты ауылдық округінің инспекторы: – Округ бойынша 235 шаруа қожалығы бар. Биыл 20 тонна алдық.

Қазіргі уақытта егістік алқапта жержаңғақ жапырақ жайып, жайқалып өсіп тұр. Ол 120 күнде пісіп-жетіледі. Сәуір айында еккен жержаңғақты шаруалар жиырма күннен соң жинаймыз деп отыр. Өнім нарықта үлкен сұранысқа ие болғандықтан, өндірістік кооператив жетекшісі жержаңғақтың жерде қалмайтынына нық сенімде.

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444