Ауыл шаруашылығы жануарларын сырғасыз, ветеринариялық құжаттарсыз тасымалдауға тиым салынады

Талас ауданы Қаратау қаласында Жамбыл облыстық Қоғамдық кеңесінің «ҚР Бас Прокуратурасы мен Ішкі істер министрлігінің бірлескен «Мал ұрлығына тосқауыл» жобасының Жамбыл облысының аудандарында орындалуының қазіргі жәй-күйі және оны алдын алудың өзекті мәселелері» туралы қоғамдық талқылау өтті. Бұл жиында облыстық және аудандық қоғамдық кеңес мүшелері, полиция департаментінің өкілдері, мекеме және аудан әкімдігінің бөлім басшылары, аудан тұрғындары қатысты. Кеңес соңында берілген ұсыныстар қаралып, алдағы уақытта мал ұрлығының алдын алу жолдары талқыланды.  Мал ұрлығы қылмысының алдын алу үшін ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, сырғалау жайында ҚР ІІМ-нің 2015-жылғы 14-тамыздағы №696 және Қазақстан Республикасы АШМ-нің 2015-жылғы 12-тамыздағы №16-03/738 бірлескен бұйрығына сай, тұрақты түрде құзырлы органдармен бірлесіп іс-шаралар атқарылуда. Аудан тұрғындарының арасында сырғасыз, ветеринариялық құжаттарсыз ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдауға заң шеңбері аясында тиым салынатыны жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Мал ұрлығы ауылды жерлерде өзекті мәселе болып келеді. Оның басты себебі, жайылымдағы малдарды қажетті бақылау мен қараусыз қалдыру. Мұндай қылмыстардың «ізін суытпай» ашуына теріс ықпал тигізетіні, ол тұрғындар малдың жоғалғанын көріп, дер кезінде полицияға хабарламауы.  Иелерінің өздері көбінесе малдарының ерекше белгілерін білмей, іздестіру әрекеттерін қиындатады. Іс-тәжірибе көрсеткендей, қылмыскерлер малды ұрлап, оны тез өткізіп жібереді. Қызметтерін бөліп алған (ақпаратшылар, орындаушылар және өткізушілер) қылмыскерлер тобы жұмыс істеуде. Малды ұрлау мен оны өткізу тез арада болады да, айғақтарды іздеу қиынға соғады. Сондықтан малға сенімді күзет, жайылымда оларға тәулік бойы бақылау, оларды бағатын жерді қадағалау – осының бәрі малды сақтап қалуды қамтамасыз етеді. Мал ұрлығына жол бермеу үшін әр малдың жеке сипаттамасы болуы керек (түрі, тұқымы, түсі, жынысы, жасы, белгілі шаруашылыққа немесе тұлғаға жататын малға,оның құлағына, мойнына  қойылған арнайы таңбасы, малдың жеке таңбасы және малды көзден таса қылмай жаю керек. Сондай-ақ, қоғамдық бастамасы ретінде ауыл әкімдері мен ішкі істер органдарының келісімімен түнгі уақытта мал тұратын жерлерді ынтымақ негізінде күзет ұйымдастырылуы қажет дейді ішкі істер бөлімінің мамандары.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444