Агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды

Талас ауданында жыл өткен сайын мал басы саны артып келеді. Оның ішінде қой шаруашылығын дамытуға аудан жері өте қолайлы. Биылғы жылы өңірде қой басы саны 325 мыңға жетіп отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда сегіз мыңға көп. Елбасы өз Жолдауында: «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл – біздің дәстүрлі саламыз. Азық-түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Жермен жұмыс істейтіндер, ең алдымен, жаңа технологияларды енгізіп, өнімділікті үздіксіз арттыратындар, жұмысын әлемдік стандарттар негізінде жүргізетіндер болуы керек» — деген болатын. Талас ауданынындағы «Алашбай» шаруа қожалығы «Алтын асық» бағдарламасы арқылы үш жүз бастан астам қой алып, бүгінде ет бағытындағы жұмыстарды жандардыру үстінде. Шаруашылықтың негізгі жұмысы ет өткізу болғандықтан қазіргі уақытта қалаға жақын жерден мал бордақылау кешенін салу жұмыстарын да қолға алды. Өйткені, алыстағы құмнан мал сойып немесе оны тірідей тасымалдау қымбатқа түседі. Сондықтан да қала маңынан қолайлы жер таңдалып қазір қой және бұқа бордақылау жұмыстарына кіріспекші. Марат Тәжібаев, «Алашбай» шаруа қожалығының жетекшісі: — Екі жүз бастан астам мал ұстаймыз деп қалаға жақын жерден соғып жатырмыз. Жыл соңына дейін жүз басқа дайын болады. Негізгі мақсат ет бағыты, — дейді. Мұнда электр жарығы мәселесі толығымен шешілген. Шаруашылықтың ендігі жұмысы таза ауы су болатын. Қазір ол жұмыстар да мемлекет көмегімен өз шешімін тапты дейді шаруа. Жайылымды суландыру бағдарламасы бойынша жаңа мал бордақылау кешенінің маңынан құдық қазылып жатыр. Бүгінде жұмыс аяқталуға жақын. Ауданбек Ерубай, Талас аудандық ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы: — Жайылымды суландыру бағдарламасы бойынша жеті құдық қана қазу керек болатынбыз. Бірақ, сұраныс болғандықтан біз он үш құдық қаздық. Әлі де қазылып жатыр, — дейді. Мұнда малшыларға да барлық жағдай жасалып отыр. Олар құмның ортасында тұрса да шағын күн электр панельдері арқылы үйлеріне электр жарығы қосылып берілді. Мұнда қой бағу үшін Бостандық ауылының бірнеше тұрғыны жұмысқа тартылған. Олардың қатарында бірнеше жыл еңбек етіп келе жатқандары да бар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444