Мал ұрлығын болдырмау жөнінде айтылды

Мал ұрлығының алдын алу және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Осыған қарамастан елдімекендерде орын алып жатқан мал ұрлығына қалай тосқауыл қоюға болады? Байзақ ауданы әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиында осы мәселе жан-жақты сөз болды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов ашып, жүргізіп отырды. Аудандық  полиция бөлімінің бастығы, полиция  полковнигі Асылхан Заурбеков соңғы бес жылда аудан аумағында орын алған құқық бұзушылықтарға шолу жасай отырып, кейбір қылмыс түрлері төмендегеніне, сондай-ақ, мал ұрлығына қатысты орын алған қылмыс деректеріне жеке-жеке тоқталды.
Асылхан Әзімханұлы мал ұрлығының алдын алу үшін малға ен, таңба, сырға салу, елдімекендердің кіре және шыға берісіне бейнебақылау қондырғыларын орнату, малға сенімді күзет қою, төрт түлік малды түнгі уақытта жайылымда қалдырмау сынды нақты іс-әрекеттер ұрлыққа тосқауыл болатындығын,  жалпы осы бағытта түрлі жұмыстар жүргізіліп жатқандығынан хабардар етті. Мал ұрлықтарына талдау жасағанында анықталғандай оның 80 пайызы иелерінің малдарына қарамай иесіз жіберетіндері жайлымнан жоғалып, олар мал ұрлықпен айналысатын  қылмыскерге онай олжа болуы себеп болғаны. Алқалы жиында Жамбыл облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Жүнісбеков, аталған департаменттің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мұрат Байсеркенов мал ұрлығының өсуіне жол бермеу және ашылмай қалған мал ұрлықтарын ашудың өзектілігін айтса, Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасының директоры  Мәртпек Шәкірбекұлы ұрлықты тоқтатудың, оны құрықтаудың жолдарын бірлесе шешу қажеттігі туралы ойымен бөлісті.
Облыстық мәслихаттың депутаты Алимбек Жұманбеков төрт түлік мал еркін жайылғанда өсетіндігін айтып, өзгелердің малын олжа қылған ұрыларды қатаң жазаға тарту қажеттігін жеткізді. Дихан ауылдық округі ардагерлер кеңесінің төрағасы Әзімбек Ойықбаев мал ұрлығының алдын алу үшін түнгі кезекшілікті ұйымдастыру мәселесін көтерді.
Жиында мал ұрлығы қылмысының алдын алу мен оған жол бермеу турасындағы ұсыныстар назарға алынды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444