«Бала құқығы – адам құқығы» атты акция аясында жиын өтті

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу. Бұл мәселе бүгінде көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Жақында Жамбыл облыстық білім басқармасының мәжіліс залында «Бала құқығы – адам құқығы» республикалық акциясы аясында Тараз қаласындағы колледждер мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына арналған құқықтық кеңес өтті.

Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мақсатында ұйымдастырылған кеңес барысында облыс бойынша ағымдағы жылдың он айында кәмелетке толмаған жасөспірімдермен жасалған қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың профилактикасы турасында айтылып, бала тәрбиесіндегі өзекті мәселелер талқыланды.

Жиынға облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов, облыстық полиция Департаментінің Ювеналдық полиция бөлімшесінің басшысы Қуанышбек Қалжанов, облыстық білім басқармасының баланың құқықтарын қорғау бөлімінің маманы Мұхтар Керімбеков және Тараз қаласындағы колледждер мен мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Мамандардың айтуларынша, қылмыс жасаушылардың арасынан әлеуметтік деңгейлері әртүрлі отбасынан шыққан жеткіншектерді кездестіруге болады. Оның себебі ата-аналардың бала тәрбиесіне уақыт таба алмауы немесе салғырт қарауынан дейді. Бұл ретте құзырлы орган өкілдері ата-аналар мен ұстаздардың арасындағы байланысты нығайту керектігін қадап айтты. Ал облыстық полиция департаментінің мәліметі бойынша жасөспірімдер арасындағы қылмыс өткен жылдың қараша айымен салыстырғанда 16,5% қылмыстық іске азайған.

Жиын соңында, облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары тиісті мамандарға нақты тапсырмалар беріліп, құқық бұзушылықтардың орын алмауын қадағалауда ұстауларын тапсырды. Сонымен қатар, әр азаматтың міндеті —  заң талаптарын бұзбау, екінші жағынан өзіне жүктелген міндетін орындау. Заңның ең басты мақсаттарының бірі – қоғамдағы алуан мінезді адамдарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу. Заңды білмеу – құқықтық мәдениеттің елеулі кемшілігі. Заңды білмеу, оны бұзу жауапкершіліктен құтқармайтынын түсіндіреміз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444