Сатушының назарына!

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабына сатушы тауардың құнын сауда объектісінің ішкі және сыртқы витриналарына қойылатын баға белгісімен ресімделген теңгемен көрсетуге міндетті.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 9 бабына сәйкес Тауар бағасы Қазақстан Республикасының аумағында жария шарт жағдайларында оны өткізу кезінде теңгемен көрсетіледі.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығының  «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» 1 – параграф, 19 тармағына сәйкес Сатушы сатылатын тауарларда тауардың атауын, оның сортын, тауардың салмағы немесе бірлігі үшін бағасын көрсете отырып, айқын ресімделген баға көрсеткіштерінің болуын қамтамасыз етеді.

Осыған орай, кез келген сауда нысаныңдағы өнімдерде бағасы көрсетілу қажет!

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаментінің

бас маманы Н.Қалмырза

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444