“Бахор” шаруа қожалығы қарқынды жұмыс атқаруда

Меркі ауданында “Бахор” шаруа қожалығы қарқынды жұмыс атқаруда. Меркі ауданы Андасбатыр ауылындағы «Бахор» шаруақожалығы 2003 жылы құрылған. Алғашқыда қожалықта санаулы мүйізді ірі қара бар еді. Ал бүгінде олардың саны мыңға жуықтады. Нәтижесінде сүт өндіруден ауданда алғашқы орында тұр. Екі жыл бұрын «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасына қатысып, Ресейден 100 сиыр әкелдім. Оның ерекшелігі сүтті жақсы береді. Осының арқасында қазір жұмысымыз бір жүйеге түсті. Сиырдың да санын арттырып жатырмыз. Бізден қазір өзге де шаруашылықтар малды асылдандыру үшін бұқа сатып алып жатыр. Қазір үш мезгіл сауу арқылы бір сиырдан 25- литрден 35-литрге дейін сүт алынады. Бұл Ресейден әкелінген қара-ала сүтті сиырдың тұқымы,-дейді «Бахор» ШҚ жетекшісі Бақтияр Хасанбаев.

Қожалық иесі Бақтияр Хасанбаев мемлекеттің қолдауына дән риза. Көрші мемлекеттен мүйізді ірі қара алу үшін 35 млн. теңге несиеге де қол жеткізіпті. Сүт бағытындағы мал шаруашылығын дамыту ісі бойынша бірқатар елдерді аралап, тәжірибе алмасты. Тіпті, Франция, Ресей елдерінде болды. Соның нәтижесінде көрші елден қара- ала тұқымды сиырды әкеліп, оны қолдан ұрықтандырды. Осының нәтижесінде өнім көлемі де мол болып отыр. Қазіргі таңда бұл шаруашылық 66-сиырдан бір күнде 1300- литрге дейін сүт алады. Бұл облыстағы ең жоғарғы көрсеткіш. Айына бір сиырдан 2,5-тонна сүт алып отырған серіктестік биылғы жылдың 4-айында 144 – мың тонна сүт алып үлгерген. Бұл көрсеткішті одан ары ұлғайту жұмыстарын қолға алды. Ферманың сүт сақтайтын арнайы мұздатқыш танкерлері де бар.

Марат Нұрталиев, жұмысшы: – Осында еңбек ету арқылы отбасымызды да асырап отырмыз. Жұмысымыз жақсы. Малды жақсы қарасаң ол да пайдасын береді, – дейді.

– Шаруа қожалығында өндірілген сүт «Меркі ірімшік» зауытына тасмалданады. Кәсіпорын әр литрға 100 теңгеден төлейді. Жылына 8 мың тонна сүт тапсырылады екен. 12 адам жұмыспен қамтылған. Әкемнен қалған кәсіпті жалғастырып, жыл өткен сайын кеңейтіп жатырмын, – дейді қожалық жетекшісі Бахтияр Хасанбаев.

Сондай-ақ шаруа қожалығының өзгелерден ерекшелігі сүт сақтау құрылғыларында . Жаңа сауылған сүтті суыту үшін сағаттап күтудің қажеті жоқ. Арнайы құрылғылар санаулы уақытта қалыпты температураға түсіреді. Бұл шикізат пен өнім сапасына тікелей әсер етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444