ЭКСПО-2017 көрмесі аумағында «Біріккен Ұлттар Ұйымы күнін» ресми мерекелеу басталды

Салтанатты шара халықаралық павильонның Ұлттық күн сахнасында өтті. Біріккен Ұлттар Ұйымы күнін мерекелеу шарасына келушілер қатары көп болды. Олардың арасында Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаев, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысының көмекшісі Джихан Султаноглу мен Біріккен Ұлттар Ұйымының өнеркәсіпті дамыту бойынша Бас директоры Ли Янг болды. Сондай-ақ дипкорпус өкілдері мен қоғам қайраткерлері қатысқан болатын. Шара аясында белгілі Артишок театры шоу-бағдарламасын назарына ұсынды. Оның тақырыбы көрме бағытымен үндес: Тұрақты даму мақсаттары мен Болашақ энергиясы. БҰҰ еріктілері парад пен флешмоб көрсетті. Салтанатты шара қатысушылары концерттік бағдарламадан соң, павильондарға қарай бет алып, көрмеге қатысты.  Павильон іші тұрақты энергетика тақырыбына толықтай сай әзірленіп, әрленген. Оған келуші барлық қонақтар БҰҰ көрмесін тамашалай алады.

БҰҰ-ның таза әрі қолжетімді энергияны бүкіл әлем бойынша ілгерлету саласында 70 жылдан астам тәжірибесі бар. Көрмеде БҰҰ-ның аймақты тұрақты энергиямен қамтамасыз ету жұмысының нәтижесін көрсететін қондырғыларды көруге болады. ЭКСПО-ның бүкіл халықаралық көрмелердің арасында алар орыны айрықша. Бүкіләлемдік көрмелерде елдер адамзаттың ең көкейкесті мәселелерін шешуге жол ашатын ғылыми-техникалық, технологиялық, экономикалық шешімдерді көрсетуге, таныстыруға, талқылауға мүмкіндік алады. ЭКСПО-ның арқасында айналымға еніп, әлемді таңқалдырған көрменің кереметтері көп.

Қазақстан қолөнершілері одағымен бірлесіп ұйымдастырылған жәрмеңке қолөнершілердің шығармашылық қабілеттерін ынталандыруға, олардың экономикалық мүмкіндіктерін арттыруға және ұлттық өнерді насихаттауға бағытталған.

ЭКСПО-2017 көрмесінінің басты тақырыбы «Болашақтың энергиясы» деп аталады. Бұл тақырыпты ұсынудың себебі, ол ең алдымен, баламалы энергия көздерін дамытуды қоса алғанда, энергетикадағы сапалы өзгерістер жолы мен оны тасымалдау тәсілдерін іздестіруге бағытталғандығы болып табылады. Бұл – бір. Екіншіден, орнықты энергиямен жабдықтау осы күнде жаһандық көлемдегі негізгі мәселе болып саналады және оны шешу экономикалық өсімді қамтамасыз ету және қоршаған ортаға келер зиянды төмендетуге септігін тигізеді. Үшіншіден, Қазақстанның бұл тақырыпты таңдауының басты негізі – еліміздің дәстүрлі энергиялық ресурстардың елеулі қорына ие бола отырып, баламалы энергия көздерін пайдалану жөніндегі шараларды дәйекті түрде қабылдауда және «жасыл» экономика құру бағытын ұстанғандығы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444