Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына тараздықтар пікір білдірді

Елбасының жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» қоғамдық санаға серпіліс әкеліп, қызу талқыға түсуде. Кезекті жиын Тараз  қалалық әкімдігінде өтті. Оған ардагерлер кеңесінің өкілдері, тарихшылар мен зиялы қауым қатысып, өз пікірлері мен көзқарастарын білдірді.

«Ұлы даланың жеті қыры» екі бөлімнен тұрады. Біріншісі- «Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт». Онда Елбасы жеті құндылықтың  мән-мағынасын ашып түсіндіреді. Әсіресе, текті жануар жылқыға кеңірек тоқталыпты. Сондай-ақ, қазақтың тылсым табиғаты назардан тыс қалмады. Осылайша жаһандық тарихтағы өз рөлімізді дұрыс пайымдауға шақырады дейді жиылғандар.

Ал мақаланың екінші бөлім нақты алты тапсырманы жүктеді. Оның қатарында ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын «Архив-2025» атты жеті жылдық бағдарламасын жасау сынды тарихи әрі маңызды міндет екендігін алға тартты.

Мақұлбек Рысдәулет, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі: Ортақ ой айтып, пікірлерімен бөліскен ел азаматтары  мақаланың мәнін дүйім жұртқа жан-жақты етіп түсіндіруге басымдық бермек. Ұлттық құндылық пен тамыры тереңде жатқан тарихымызға қатысты мақаладағы міндеттерді бірлесе бірге орындауға да ниетті екендерін айтты.

Аталған мақалада жоғары айтылған тарихи тың деректер мен архивтерден табылған құнды құжаттар ұлттық сарындағы жаңа деректі және көркем фильмдердің сценарийлеріне арқау болатыны айтылған. Сонымен қатар мақалада айтылған адамзаттың ұстазы Әбу Насыр әл-Фарабиді өмірге әкелген орны бөлек Отырар, Қожа Ахмет Яссауи ілім алған Түркістан қалаларын тарих сахнасында қайта жаңғыртып, «Түркі өркениеті: түп тамырынан қазіргі заманға дейін» атты жобасы негізінде бейбітшіліктің символына айналған ажарлы Астанамыз түркі тілдес халықтарының ортақ үйіне айналары айдан анық. Дүниежүзілік мәдениетке, ғылымға, жалпы қоғамдық дамуға өзінің зор үлесін қосқан өлкеде туып, өсіп-өну, оның тарихын жалғастыру әрбір санасы ояу қазақ үшін үлкен мәртебе және мақтаныш. Елбасы Ұлы даланың жеті қырын тілге тиек ете келіп, бізге бірнеше талап қойып отырғандай.

Біріншіден, күллі түркі халқының «қара шаңырағы» болған Қазақстан бүгінде сол тізгінін ұстау мүмкіндігінен айырылып қалмауы үшін біздің болмысымыз жаңа кезеңге сай болуы қажет. Ал, бұдан келіп екінші мәселе туындайды, ол — сананың жаңғыруы. Адамдық болмыс оның санасының деңгейімен өлшенеді. Олай болса, бізге қойылған талаптың тағы бірі – білімді болу, ғылымды дәріптеу. Үшіншіден, бүкіл түркі халықтарының Қазақстанды «қара шаңырағы» ретінде танып, сол туыстық қарым-қатынасты дамыту және таланымызға бұйырған мәдени мұрамызды сақтап қалу үшін Елбасы бізге бірнеше ірі жобаларды ұсынып, оны жүзеге асырудың жолын да көрегенділікпен көрсетіп қойды. Олардың ішінде рухани астанамыз – Түркістан, ежелгі Отырар тарихын қайта жаңғырту, түркі халықтарының мәдени күндерін ұйымдастыру сияқты тың бастамалар бар. Төртіншіден, ұлттық кодымыздың негіздерінің бірі болған ауызша және музыкалық дәстүрді де жалғастыру мәселесі қаралып отыр.

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444