БІРІНШІ ТОҚСАН ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША ӨНЕРКӘСІП ӨНДІРІСІНІҢ КӨЛЕМІ 5,8% ӨСКЕН
Бүгінгі өткен Қазақстан Республикасы Үкіметінің отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек өнеркәсіп өндірісінің көлемінің артқандағы жайлы айтты.
ҚР ИДМ министрі Жеңіс Қасымбек: — Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде өнеркәсіп өндірісінің көлемі 5,8%-ға жоғарлаған, оның ішінде кен өндіру өнеркәсібі 5,6%-ға, өңдеу өнеркәсібі 6,5%-ға өскен. Кен өндіру саласында түсті металл кенін өндіру көлемі 10,8%-ға артты. Темір кенін өндіру көлемі 11,4%-ға өсті. Ал металлургияда өндіріс көлемі 7,1%-ға, қара металлургияда 7,0%-ға артты. Түсті металлургияда өндіріс өсімі 7,3%-ды құрайды. Фармацевтикалық өнеркәсіптегі өндіріс көлемі 25,1%-ға өсті. Сондай-ақ, құрылыс материалдары өндірісінде де өсім байқалып отыр. Аталған салада 7,8%-ды құрады. Ал машина жасауда өсім 1,8% болды. Аталған салада өсім айтарлықтай көп емес.
2017 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстан Республикасының аумағына жеткізілген комплектілерден құрастырылған автокөлік құралдары өнімдерін сату кезінде отандық автоөндірушілер 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін ҚҚС төлеуден босатылады. Жыл қорытындысы бойынша ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің құзырындағы өнеркәсіп салалары бойынша НКИ-дің барлық межелі деңгейіне жету жоспарлануда.
Министрдің айтуынша, «Отандық машина жасау өнімдері өндірісін қолдау мақсатында 2017 жылдың 2 тоқсанынан бастап еліміздегі экологиялық таза автокөлік құралдары мен оның компоненттерін өндіруді ынталандырудың қосымша түрін енгізу жоспарлануда. Ол үшін жеке және заңды тұлғалардың отандық көлік құралдарын сатып алуына жеңілдіктерді қаржыландыру қарастырылған.