«Жасыл экономикаға» үлес қосуда

Қазіргі таңда қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу экологияның ең маңызды тақырыптарының бірі. Адамдардың жыл сайын өнімдерді тұтынуы молынан артып келеді. Қатты тұрмыстық қалдықтарды нәтижелі қайта өңдейтін зауыттардың болмауы, қалдықтарды бөлек жинау жүйесінің дамымауы салдарынан эпидемиологиялық қауіпті улы заттардың жиналуына алып келеді, тұрғындардың денсаулығы мен өміріне айтарлықтай қауіп төндіреді.
Қазақстан «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі бағытына сәйкес, 2050 жылға қарай қатты тұрмыстық қалдықтарды 50 пайызға дейін өңдеуге қол жеткізуі тиіс.  Міне, осы тақырыпты арқау етіп Түркістан қаласындағы «Датқа» жеке кәсіпкерлігі Тұрғанбай Ахметов қатты қалдықтарды өңдеумен және пайдаға асырумен айналысуда. «Бүгінде баршамызға белгілі, жиналатын қоқыстардың мөлшері күннен күнге артып келеді. Статистикаға сүйенсек, қазіргі уақытта әр адамға жылына 150-500 кг қоқыстан келеді екен. Әңгімені әріден бастасақ, қала базарынан, түрлі ірілі-ұсақты дүкендерден түскен қалдықтар қалалық қоқыс тасталатын жерге жиналады. Ол жерден қоқыстар, атап айтқанда, баклашка, канистра, макалатура, шланга, полиэтилен пакеттері, полипропилен трубалары, 2 жылдан астам пайдаланып, қолдану мерзімі өткен тамшылап суару шлангалары т.б. алдымен зауытқа жеткізіледі» деп сөз бастаған Тұрғанбай аға мен оның көмекшісі осынау оңай емес істің одан әрі қарай қалай жүзеге асатындығын атап көрсетті. Келген қоқыстар конвейер арқылы бірінші секторға түсіп сұрыптаудан өтеді. Мүлдем жарамсыз деп танылғандары жойылады. Мұнан соң қоқыс барабанды сепараторға түсіп майдаланады. Қоқыс екінші қайтара сұрыптаудан өтеді. Баклашкалар арнайы контейнерлерге жіберіліп престеледі. Барлық қоқыстар ерітіледі. Зауыт өңделген қалдықтардан полиэтилен пленкасын шығарумен қатар, гранула түрінде пайда болған шикізаттардан түрлі өнім дайындап, оған екінші өмір сыйлау үшін пластмасса бұйымдарын өндіретін цехтарға, полипропилен трубаларын жасайтын т.с.с. зауыттарға жібереді. Зауыт басшысы қолданылған қытай аппаратын алып келуге өз қаражатынан 10 млн теңге жұмсаған. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту – 2020» бизнесті қолдау бағдарламасы аясында 6%-бен шағын несие алған. Бүгінде зауыт 10 адамды жұмыспен қамтып, 50-55 мың теңге көлемінде жалақы бөлуде.Егер қалдықтарды жақсақ, нәтижесінде атмосферада ластаушы заттардың пайда болатынын, суға ағызу арқылы суды ластайтынымызды, көму арқылы өсімдіктерге, жалпы табиғатқа зиянымызды тигізетінімізді ескерсек, қалдықтарды қалпына келтірудің ең оңтайлы әдісі – қайта өңдеу, бұл экологиялық жағынан таза, әрі қоқыстар санын азайтумен қатар ұтымды әдіс болып саналатыны сөзсіз

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444