Өндірісін өркендетпек…
Бүгінде кәсіпкерлік саласынды жүргендердің дені кондитерлік өнім шығаратын шағын цехтардың тізгінін ұстап отыр. Тәтті нарығында ең өтімді өнім саналатындықтан алармандары жетерлік. Жұмсақ, дәмі бал татитын тәтті торттар, қытырлақ печеньелер өтімсіз болған емес. Түркістан облысындағы Жетісай ауданындағы «Мерейсұлу» кондитерлік цехы бүгінде ауданға ғана емес, көршілес өңірлерге де танымал. 2016 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан цехта 18 түрлі кондитерлік өнім шығарылады. 20 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Мұнда дайындалған өнімдерді негізінен Жетісай мен Мақтаарал аудандарының тұрғындары ғана тұтынып қана қоймай, көршілес өңірлерде де сатылады. Ұдайы балғын күйінде базарларға, сауда орындарына жеткізіледі. Дәмі де тіл үйірерліктей. Сол себептен де алармандары да жетерлік. Шағын кәсіпорын иесі алдағы уақытта мемлекет тарапынан берілетін жеңілдіктерді алып, өндірісін одан әрі өркендетуге ниетті екендігін жеткізді. Өндіріс орны кеңейсе жаңадан жұмыс орны ашылады. Жұмыс ауқымы да көбейеді. Бұл тарапта мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған. Цех иесі соны ұтымды пайдаланбақ ниетте. Қазіргі таңда Жетісай ауданында 14 924 кәсіпкерлік нысаны тіркелген. Оның ішінде 503-і заңды тұлғалар, 3948-і кәсіпкер, 10473-і шаруа қожалықтары саналады.