ҚР ИДМ КӨЛІК КОМИТЕТІ  ТҰТЫНУШЫЛАРҒА РЕСМИ ТАСЫМАЛДАУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІН ПАЙДАЛАНУҒА КЕҢЕС БЕРЕДІ

 

Бүгінде халықтың қажеттілігіне орай Қазақстан Республикасында 134 халықаралық, 254 қалааралық және облысаралық бағыт бойынша тұрақты жолаушылар тасымалы жүзеге асырылады. Автобустар аталмыш бағыттарға автовокзалдар мен авто станциялардың территориясынан жолға шығады. Ресми деректерге сүйенсек, республика бойынша 34 автовокзал мен 138 автостанция бар. Мұнда тасымалдауды жүзеге асыратын компаниялар жолаушылар мен багажды тасымалдау талаптарының және барлық ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді. Қазіргі кезде жеке тұлғалар белгіленбеген жерлерден, сондай-ақ вокзал алдындағы алаңдардан, базарлардың алдындағы тұрақтардан халықаралық және қалааралық, облыстық бағыттарда заңсыз жолаушылар тасымалымен айналысатын болып алған. Көбіне аталған тасымалдар көлік заңнамаларын сақтамау арқылы жүзеге асырылады. Рейс алдында жүргізушілерге медициналық бақылау жүргізілмейді, жолаушылар тасымалы үшін автобустардың техникалық жағдайы сай келмейді, жүргізушілердің еңбегі мен тынығуы сақталмайды және рұқсат құжаттары мен жолаушылар тасымалдау лицензиясы болмайды. Аталған тасымалдар қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмайды, тіпті жол-көлік оқиғалары кезінде сақтандырудың шығынының орнын толтыра  алмайды. Осыған байланысты, ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті автобустарды таңдаған жағдайда, тиісті заңнаманың талаптарына сай келетін, ресми тасымалдаушылардың қызметін пайдалануға кеңес береді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444