Экспорттық өндiрiс дамып келедi

Бүгінде Түркістан облысында жол құрылысына қажетті өнім өндіретін кәсіпорындар жетерлік. Облыс орталығында да, шалғай шеттегі аудандарда да зауыттар жетерлік. Осының арқасында жол құрылысына қажетті өнімді шеттен тасымай шикізаттың өзінде өзімізде өндірілуде. Мақтаарал ауданында грекиялық инвестор сағатына 200 тонна асфальт-бетон өндiретiн зауыт салмақ. Аудандағы индустриялық аймақта салынатын зауыттың жобалық құны 1 млн. АҚШ долларын құрайды. Индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында қолға алынған жобаның құны да жоғары. NIOVI S.A компаниясы құрылтайшысы болып келетiн «Soldatos» ЖШС-і алдағы уақытта іргелі кәсіпорындардың біріне айналмақ. Бүгiнде мемлекет тарапынан инвесторларға қолайлы жағдай жасалып жатаны белгілі. Аймақ Орта Азия, Таяу Шығыс пен Еуропа елдерiн байланыстыратын жолдардың қиылысында орналасқандықтан шекаралық сауда-саттық пен экспорттық өндiрiс дамып келедi. Сондай-ақ, облыста 11 индустриялды аймақ пен жеңiл өнеркәсiп бағытындағы бiр арнайы экономикалық аймақ бар. Облыста инвестиция тарту және инвесторларға «бiр терезе» қағидасы бойынша қызмет көрсететiн аймақтық даму институттары жұмыс iстейдi. Бған дейін серіктестік ауданда мобильдi асфальт зауытын iске қосып, ауылдық округтердегі жолдарға асфальт төсеген болатын. Аталмыш серіктестіктің екiншi желiсi екінші жартыжылдықта аяқтау жоспарланып отыр. «Soldatos» ЖШС-нiң инвесторлары Мақтаарал ауданындағы жобадан бөлек, Сарыағашта сағатына 150 тонна, ал, Түркiстан қаласында сағатына 200 тонна асфальт-бетон шығаратын зауыт салуды жоспарлап отыр. Айта кетейiк, ауданда сыртқы инвестициядан бөлек, iшкi инвестицияның есебiнен өңдеу зауыты, гигиеналық заттар мен полиэтилен шығаратын өндiрiс зауыттарының жобалары да жүзеге аспақ. 38 гектар жердi алып жатқан ауданның индустриялды аймағында жұмыс iстеп тұрған «Береке» мақта зауытынан басқа, мұнда келер жылы 4 жоба iске асырылады деп жоспарлануда.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444