Өнертабыстар өндіріске ендірілуі де мүмкін

Бүгінде Түркістан облысында көптеген өнертабыстарды өндіріске ендіру үшін ауқымды жұмыстар атқарылуда. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде халықаралық конференция өтті. Соның аясында ауқымды көрме де ұйымдастырылды. Конференцияның негізіг мақсаты ІТ-технологиялардың, баламалы энергетика, нано және биотехнологияларды дамыту, инженерлік білімді дамыту мәселелерін талқылау болып табылады. Шетелден келген айтулы ғалымдар аталған салалар бойынша бүгінде әлемдік озық технология жаңалықтарымен бөлісіп, табиғатты қорғау, баламалы энергия көздерін дамыту жайын күн тәртібінде талқылады. Алдағы уақытта өндіріске ендірілген көптеген инновациялық өнертабыстардың ішіндегі нарықта сұранысқа ие өнімдерді шығаруға ниетті кәсіпорындар да бар. Тіпті олардың біразы индустриалдық аймақтарда жүзеге асырылып қалуы да ғажап емес. Қалдыбай Наурызбаев, ОҚМУ сәулет кафедрасының доценті: «Еліміз үшін инновациялық тұрғыда, баламалы энергетика көздерін дамыту үшін конференция ұйымдастырылып отыр. Келешекте сол жұмыстарды жалғастыру үшін жоғары оқу орындары мен колледж мектептерді қамту. Себебі идеяның бәрі жастардан шығады. Солардың қолға алған жұмыстарын универститет ғалымдарымен бірлесіп әрмен қарай жалғастырып, ұштастыру».

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444