Көрші облыстардан сұраныс көп

Түркістан облысындағы «Қазақстандық темір-бетон бұйымдары» ЖШС өткен жылдың қаңтар айынан бастап өз өнімдерін өндіре бастаған . Құрал жабдықтың басым бөлігі шетелден әкелінген. Серіктестік мамандары алдымен маркетингтік зерттеу жүргізген. Темір-бетон бұйымдарының 114 түріне сұраныс жоғары екені анықталған. Бүгінде серіктестікте осынша түрлі бұйымдар шығарылады. Мамандар сапаға баса назар аударады. Соның нәтижесінде де зауыт өнімдері бүгінде үлкен сұранысқа ие. Облыстағы ірі ірі кәсіпорындар тұрақты сатып алушыларға айналған. Бұдан бөлек Қызылорда, Жамбыл облыстарынан сұраныс түсуде. Серіктестік жетекшілерінің ендігі мақсаты – өнімдерін шетелдерге экспорттау. Облыстағы Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының табысты жүзеге асырылып жатқандығының айқын көрінісі осы кәсіпорын болып табылады. Бүгінде «Қазақстандық темір-бетон бұйымдары» ЖШС-де тұрғын үйлерге қатысты барлық құрылыс материалдары шығарылады. Соның ішінде үй жабатын плиталар, іргетасқа арналған бұйымдар, цилиндрлі анкар, тіреуіштер, қысқаша қайырғанда құрылысқа қажетті кез келген бұйымдарды тапсырысқа байланысты шығарып беруге мүмкіндік бар. Алдағы уақытта кірпіш құюды да қолға алмақ. Құрылыс мекемесі былтыр «Оңтүстік ЖарықТранзит» АҚ-ның тапсырмасына орай 21 мың дана электр бағанасын шығарыпты. Облысымызда бой көтерген үш мектепке темір-бетон бұйымдарын жасап берген жеке құрылыс компаниялары мыңдаған дана құрылыс материалдарын сатып алған.  Серіктестік өздері өндіретін өнімдердің сапа белгісімен шығарады. Оған арнайы сапа сертификаттарын алған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444