Жартытөбенің жетістіктері
Түркістан облысына қарасты Созақ ауданы ауыл және мал шаруашылықты аудан ретінде облыс, республикаға белгілі. Кеңес өкіметі тұсында аудан одаққа егін, ет, сүт және жүн жеткізіп келген. Түліктің төрт түрін де баққан өңір аты қаракөл қой тұқымымен төрткүл дүниеге танылған. Сол жетістіктерге жетуімізге себеп болған ұжымшардың бірі Жартытөбе ауылдық округі болатын. Жартытөбе ауылы ауданымыздың облыс орталығы және көршілес аудандармен байланыстырып жатқан кіре беріс қақпасы. Қазіргі Жартытөбе ауылдық округі ауылы аралас, қойы қоралас жатқан Үштөбе, Жартытөбе, Бабата аталатын елді мекендерде өмір сүріп келген халықтардан, 1930 жылдан бастап ұйымдасқан 6 колхоздан құралған ірі шаруашылық. Бүгінгі күні Жартытөбе ауылдық округі 3 елді мекеннен тұрады. Жартытөбе, Аққолтық, Бабата елді мекендері. Орталығы Жартытөбе. Созақ ауданының орталығы Шолаққорғаннан 25 км жерде орналасқан. Жер көлемі 185,527 га. Көшелердің 60% астамы асфальтталып, орталығы жарықтандырылған. Ауылдық округ тұрғындарының әр қайсысының ауласына су құбыры жүргізіліп, ауыз сумен 24 сағат бойы қамтамасыз етілген.
Жартытөбе ауыл және малшаруашылықты ауылдық округ болғандықтан меншігіндегі жерден бүгінгі таңда пайдаланып отырған егіс алқабының көлемі 38893 га құрайды.