Байзақта ауыл шаруашылығын өндірушілерге 523,3 млн. теңге субсидия берілді

 Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында  Байзақ ауданының әкімі Рахматілдә Рахманбердиевтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Рахматілдә Сегізбайұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Елбасының  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауындағы 10 басты міндет — елімізді ең дамыған отыз елдің қатарына жетуге мүмкіндік береді деп сенемін.

Атап айтқанда, барлық салаларға заманауи технологияларды кеңінен енгізуге Мемлекет басшысының Жолдауында басымдық берілген.

Алғашқы міндет — Индустрияландыруды жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналдыру.

Жаһандану дәуірінде өнеркәсіп кәсіпорындарына цифрлық технологияларды енгізу арқылы өндіріс орындарының бәсекеге қабілеттілігі мен еңбек өнімділігі артады. Үдемелі индустриалды-инновациялық дамуының 2015-2019 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы аясында:

  1. Мырзатай ауылдық округінде «Әулие-Ата Феникс» ЖШС-ның жалпы құны — 126,2 млн теңге тұратын сою цехының қалдықтарын тереңдетіп етсүйек ұнына өңдейтін құрылғы сатып алып орнату инновациялық жобасы іске асырылуда. Құрылыс жұмыстары аяқталуда.
  2. Осы кәсіпорында 2 жоба жалпы құны — 1 035,0 млн теңге, құс етін өндіретін фабрикасының өндірістік қуатын 8 000 тоннаға дейін арттыру мақсатында 6 құс өсіру нысандарын іске қосу жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары атқарылуда. Жоба 2018 жылдың желтоқсанынды іске асырылады.
  3. Жаңатұрмыс ауылдық округінде жеке кәсіпкер «Жабатаева Л.» жалпы құны — 430,0 млн. теңге көкөніс консервілеу цехы мен сыйымдылығы 2-3 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасы құрылысының жобасын дайындалып картаға енгізілді. Аудан әкімдігінің 13.07.2018 жылғы № 281 Қаулысымен 3,0 га жер телімі 5 жыл мерзімге жалға берілді.

Жұмыстар 2018 жылы басталып 2021 жылы аяқталады деп жоспарлануда.

  1. Суханбаев ауылдық округінде «Асыл Бақ» АТК жалпы құны — 719,0 млн. теңге 50 га қарқынды алма бақ орналастыру жобасын іске асыруда. Бүгінгі күнге 563 млн. теңге қаражат игерілді.
  2. Көктал ауылдық округінде «Алель Агро» АҚ жалпы құны — 11 783,722 млн. теңге қуаттылығы жылына 20 000 тонна құс етін өндіретін бройлер құсфабрикасы құрылысының жобасын іске асыруда. Жобаның іске асыру мерзімі: 2018 жылдың маусымы — 2020 жылдың қарашасы. 2018 жылы 1 178,372 млн. теңгені игеру жоспарлауда.
  3. Ботамойнақ ауылдық округінде «Витафрукт – Тараз» кооперативі Жоба құны 750 млн.теңгені құрап отыр. 50 гектар жер аумағына алма бағын орналастырып, 2019 жылы іске асады деп күтілуде.

Екінші бағыт — ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.

ХХІ ғасырда әлемнің табиғи ресурстарға деген мұқтажы жалғасуда. Сондықтан Астана қаласында өткен ЭКСПО-2017 көрмесі баламалы, «таза» энергия саласындағы  дамудың маңыздылығын көрсетті.

Энергия тиімділігі мен энергия үнемдеу мақсатында өңірдегі бюджеттік мекемелерге энергия үнемдегіш шамдар орнатылды.122 көшенің 2162 дана шамдары энергия үнемдегіш шамдармен ауыстырылды.

  1. «Жалғызтөбе Солар» ЖШС жалпы құны — 6,0 млн. АҚШ доллары (1 950 млн. теңге) қуаттылығы 4,95 МВт, күн фотоэлектлікэлектр станциясы құрылысының жобасын дайындауда. Жобаны қаржыландыру инвестор мен «Европалық Даму банкі» тараптарынан жоспарлануда.

Жолдауда тұрмыстық қатты қалдықтарды заман талабына сай утилизациялау және қайта өңдеу үшін шаралар қабылдау керектігі айтылған. Ауданда тұрмыстық қатты қалдықтары жинақтап, утилизациялайтын «Алди  және К» ЖШС-і жұмыс жасайды. Өңірге қарасты 43 елді мекен және Тараз қаласынан шығарылған қалдықтар полигонға жеткізіліп,  қағаз, шыны және полиэтиленді қалдықтарға бөлек сұрыптау жұмыстары жүргізіледі. Мұнда қолданыста болған құрамында сынап бар үнемдегіш шамдарды жоятын аппарат бар.

Бүгінгі таңда ауданда осы шамдарды жинау үшін 21 дана контейнер орнатылған.

Кәсіпорын 2017 жылдың қорытындысы бойынша «Экологияға қосқан үлесі үшін  республикалық «Парыз» конкурсының жүлдегері атанды.

Жолдаудағы үшінші міндет–«Ақылды технологиялар»-агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігін көрсетеді.

Ауданның негізгі бағыты- егін және мал шаруашылығын дамыту. Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар өз жемісін беруде.

2018 жылдың өнімі үшін ауыл шаруашылығы дақылдарын 53400 гектарға орналастыру межеленіп, бүгінгі күнге 53406,5 гектар (2017 жылы 51723,3 га) алқапқа дақылдар орналастырылды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1683,2 гектарға немесе 3,3%-ға артты.

Жалпы егіс алқаптарын әртараптандыру мақсатында қант қызылшасы, майлы дақылдар, көкөніс — бақша, арпа және мал азықтық дақылдарына басымдылық беріліп, көлемі арттырылды.

Биылғы жыл төрт түлік мал басының ұлғаюымен, оның өнімінің өсуімен ерекшеленді.

2017 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2018 жылы мүйізді ірі қараның — 1537 басқа (38744 бас), қой мен ешкінің 6320 басқа (256620 бас), жылқының — 629 басқа (11434 бас), түйенің — 54 басқа (931 бас), шошқаның — 7 басқа (1437 бас) өсуіне қол жеткізілді.

Аудан бойынша ет (тірі салмақта) өндіру көлемі өткен жылмен салыстырғанда 109,9% (9801,4 тонна), сүт өндіру 103,7% (27544 тонна) өсті.

Мемлекеттік қолдауға қол жетімділікті, кеңінен қамтамасыз ету мақсатында бүгінгі күнге 50 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

6 кооператив сүт өндіру, 2-уі мал бордақылау бағытында жұмыс жасайды. 3 кооператив сүт таситын автокөлік алса, 5 кооператив сүт сақтайтын танкер алып жұмыс жүргізуде.

Биылғы жылдың 9 айында ауыл шаруашылық тауар өндірушілердің өнімдерін мемлекет тарапынан субсидиялауға 523,3 млн. теңге төленді.

Ет экспорты: бүгінгі күнге барлығы 164,8 тонна ет экспортқа өткізілді (оның 70,4 тоннасы қозы еті, 94,4 тоннасы МІҚ еті).

Елбасы Жолдауының төртінші бағытында көлік-логистика инфрақұрылымының  тиімділігін арттыру көзделген.

Ауданда республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 70 шқ; — облыстық маңызы бары 120,75 шқ;- аудандық маңызы бары 121,32 шақырымды құрайды. Аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының 104,97 шқ. немесе (86,5 %) жақсы және қанағаттанарлық жағдайда.

2018 жылы аудандық мәндегі автомобиль жолдарына, елді мекен көшелеріне және жаяу соқпақтарға орта жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жалпы 389,3 млн. теңге бөлінді. Аудандық  мәндегі 4 жол, 9 көше, 2 ауылда тротуар соғылды.

Аудан арқылы облыстық маңызы бар 2 жол: «Тараз – Сарыкемер — Түймекент-Ақшолақ» (3,4-14,4 шқ аралығы), «Тараз – Жетібай – Тегістік — Ойық» (1,7-7 шқ аралығы) автомобиль жолдарының қайта реконструкциялауға ҚР Инвестициялар және даму министрлігіне 3,3 млрд. теңгеге ұсынылған, алдын ала мәлімет бойынша жобаны 2019 жылы қаржыландыру жоспарлануда. Одан басқа 2019 4 жол жөндеу жоспарлануда.

Бесінші міндет. Құрылысқа және коммуналдық секторға  жаңа технологияларды енгізу: онда «Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін Үкімет бұл іске барлық қаражат көздерінен жыл сайын кем дегенде 100 миллиард теңге қарастыруды тапсырды.

Аудандағы 43 елді мекеннің 16 ауыл қамтылған болатын (37,2%),биыл 4 ауылға су жүйесін жүргізудеміз,  бұл 44,2 % құрайды (Қызыл жұлдыз, Бурыл, Түймекент, Құмжота, Диқан, Аймантөбе, Мәдімар, Жақаш, Қарасу, Көкөзек, Ақжар, Жетібай, Дихан-2, ст.Ақшолақ, ст.Үшбұлақ, ст.Талас, Абай, Мырзатай, Тегістік). Кеңес ауылында ауыз су ғимараттары мен су жүйелерінің құрылысы жүргізілуде. Ағымдағы жылдың қазан айында құрылыс жұмыстары аяқталды. Құрылысы аяқталғанда, 20 елді мекен, бұл 46,5 % құрады. (халық саны бойынша 33 193 тұрғын болады).

Биылғы жылы 6 ауылға (7,0 млрд.теңге)ауыз су жүйелерінің құрылысын жүргізуге жобалық-сметалық құжаттары дайындалды. (Сарыкемер, Байзақ, Талас, Қостөбе, Көктал Сеңкібай). 4 жоба мемлекеттік сараптамадан оң нәтижесі алынып, бюджеттік өтінімі ұсынылды. Қалған Сарыкемер,Бәйтерек ауылдары бойынша жобалық сарапатамасының нәтижесін күтудеміз. Мұндағы жалпы халық саны 36 мың адам. Құрылыстарға қаржы қарастырылған жағдайда ауыз су ауданның 26 елді мекені (45 499 адам) ауыз сумен қамтылып, (немесе 60,4 %), халық саны бойынша 78 692 тұрғынға (немесе 76,2 %) жетеді.

Аудандағы 43 елді мекеннің 22 ауылы газбен қамтылған. Көгілдір отыны жоқ 21 елді мекенге жаңа газ құбырын салу жұмыстарының ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан өткізілді. Құрылыс жүзеге асырылған жағдайда осы елді мекендердің 2081 үйі газбен қамтамасыз етіледі. Мәселенің шешілуін күтпей 3 ауылдың тұрғындары бүгінгі күнге өз есебінен 184 үйге газ кіргізді. Тағы 3 ауылда дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Байзақ ауданы бойынша 22 газ жүйесі тартылған елді мекендерді аралау барысында  газ жүйесіне қосылмаған 475 үй анықталды. «Жамбыл жылу» КММ-нің жауапты тұлғаларымен бірлесіп тұрғындарға түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Газ жүргізу соммасы 25 метр аралықта 82 756 теңге, 25 метрден асқан жағдайда әр метрі 1 500 теңгеден жүргізілетін болады. Бүгінгі күнге 15 үйге газ кіргізілді. Өңірді көріктендіру мен абаттандыруға айрықша көңіл бөлінуде. Акциялар аясында 4 мыңнан аса ағаш отырғызылды. «Байзақ ауданының 80 жылдығына арналған» саябақ соғылуда.

Қазіргі таңда Орынқұлов көшесінде дыбысты бәсеңдеткіш экран (құны 8 млн. теңге) орнату, аллея салу (15 млн.) жұмыстары жүргізілуде.

 Жетінші — қаржы секторын «Қайта жаңғыру» және  жетінші міндет- адами капитал-жаңғыру негізі» атты міндеттер бойынша да қолға алынған жұмыстар ауқымды.

Биылғы жылы білім беру жүйесі мекемелерінің жұмысы сала алдында қойылған міндеттерді орындауға бағытталып отырды.

ҰБТ-дегі орташа балл 100,6, өткен жылмен салыстырғанда 17,4 баллға артты (2017 жылғы орташа балл -83,2).

Үстіміздегі жылы Ботамойнақ ауылындағы 300 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ақшолақ ауылында 120 орындық мектеп құрылысы басталып, 3 мектепте (Ғ.Мұратбаев, Мырзатай, №2 мектептерде) күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Ауданда мектепке дейінгі бүлдіршіндері бақшамен қамту мақсатында мемлекеттік жекеменшік әріптестік  аясында  биыл  9 жекеменшік балабақша ашылды. 3- 6 жас аралығында балаларды бақшамен қамту 99,2 %-ды құрап отыр (облыста–90,2 %).

Білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын дамыту бағытындағы мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табуда.

Газы бар елді мекендерде 3 мектептің қазандықтары көгілдір отынға қосылды.

2018 жылы 3 мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық сметалық құжаттама дайындау үшін жергілікті бюджеттен 28,1 млн.теңге бөлінді.

         Дені сау ұлт — ел байлығы. Адами капиталдың бір көрсеткіші- денсаулық. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да үздік денсаулық ісі мен  дені сау ұлт қалыптастырудың нақты бағдарын белгілеп берді. Әлбетте халықтың өмір сүру ұзақтығының өсуіне байланысты медициналық қызмет көрсетуге сұраныс артады.

Денсаулық сақтау саласындағы негізгі проблема — типтік емхананың жоқтығы болып отыр. Қазіргі таңда 1,2 га жер учаскесі облыс әкімдігінің құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына бөлініп берілді. Жер таңдау актісі, техникалық шарттар және мемлекеттік актісі дайындалды. Радиологиялық қорытындысы алынды.

Ағымдағы жылдың наурыз айында облыстық құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары және денсаулық сақтау басқармаларына жобалық — сметалық құжаттарын дайындауға қаражат бөлу туралы сұраныс хат жолданды. Өткен жылы 11 ауылдағы медициналық мекемелер ғимараттары сот шешімімен апаттық жағдайда деп танылған болатын. 2017 жылы 3 ауылда амбулаториялар салынды. Бүгінгі күнге 7 ауылда (Жаңатұрмыс, Жібек жолы, Аймантөбе, Сарыбарақ, Тегістік, Ынтымақ) мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында денсаулық сақтау нысандарының құрылыс жұмыстары аяқталды. Шахан ауылында облыстық бюджет есебінен фелдшерлік окушерлік пунктінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Көкөзек ауылында медициналық тірегін соғу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, 2019 жылға 3 ауылға мемлекеттік жекеменшік әріптестік аясында медициналық тірек соғу жоспарлануда.

Өткен жылдың 9 айында аудан бойынша 1676 сәби туылған болса, биылғы жылдың 9 айында аудан бойынша 1858 сәби өмірге келді. Өсім 110,8% (182 балаға артқан).

Денсаулық саласында келесідей 4 ауру бойынша мәселе туындап отыр.

  1. Жаңа қатерлі ісіктерді 1-2 сатысында ерте анықтау артты. 2017 жылы 9 айда 1-2 стадияда 47 ауру тіркелсе,2018 жылдың 9 айында    48 ауру тіркелген,1 жағдайға артқан. Бірақ,аурудың кеш сатысында тіркелген аурулардың біразы  ауданда РПН-де  тіркеуде тұрғанмен, басқа  қалаларында жұмыс істеп жүріп, ауруы асқынған кезде ауылға келіп  қаралып ,есепке алынғандар.
  2. Онкологиялық аурулармен алғашқы аурушаңдық артып, жаңа қатерлі ісіктер бар  науқастардың 5 жыл өмір сүруі төмендеп отыр. Себебі, науқастарды анықтау жұмыстары белсенді жүргізіледі,бірақ аурулардың кеш анықталуы науқастардың 5 жылдан кем өмір сүруіне   әкеліп соғуда.
  3. Сәбилер өлімі көрсеткіші 2018 жылы 9 айда 11,3-дан 9,7-ге төмендеді, бірақ облыстық көрсеткіштен (7,1) жоғары болып тұр. 2018 жылы 9 айда 1 жасқа дейінгі шетінеген балалар саны 18.

Биылғы жылдың 1 қыркүйекке дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданушылар үлесі 2608 адамға ұлғайып, 30460 адамды, немесе жалпы халықтан 29,2 пайызын құрап отыр. 2018 жылы жаңа спорт кешені салынып, стадион, футбол алаңы, ауылдық округтерде 18 стри-воркаут салынды. Түймекент ауылында аула клубы іске қосылды. Ендігі кезекте 7 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында спортпен шұғылдану деңгейін жоғарылату мақсатында 2 спорт мектебі мен 1 спорттық клубының қажеттілігі туындауда. 3 ауылда спорт кешендерін соғу жоспарлануда.

Мәдениет саласына сандық технологияны енгізу мақсатында жергілікті бюджеттен 2 млн. теңге қаражат қаралып, Түймекент және Дихан ауылдық округтеріндегі кітапхана ішінен ақпараттық орталық ашылды. Ендігі кезекте,  6 ауылдық округітердің кітапханаларында (Абай,Ынтымақ,Қостөбе,Бурыл,Қызыл жұлдыз,Мырзатай) ақпараттық орталық ашу үшін қазынадан 1 млн.500 теңге бөлінді. Басқа да ауылдық округтердегі кітапханаларда осындай орталықтар ашу көзделуде. 2019- 2021 жылдар аралығында 4 (Бурыл, Жетібай, Амангелді, Кеңес) ауылға мәдениет үйлерін соғу жоспарлануда.

Сегізінші міндет -тиімді мемлекеттік басқару.

Аудан бойынша 122 мемлекеттік қызмет түрінің 101-і аудандық, 21-і  ауылдық деңгейде көрсетіледі.

Биылдан бастап 17 ауылдық округке 4-ші деңгейдегі бюджет енгізілді. Салықтық және салықтық емес түсімдердің 7 түрі, сондай-ақ, шығындардың 19 бағыты жергілікті өзін-өзі басқару деңгейіне берілді.

Тоғызыншы міндет — жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігін орнықтыру

Қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету, көшелерде және адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда бейнебақылау орнату маңызды. Құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында  аудан бойынша көшелерде арнайы цифрлық 28 бейнебақылау камералары орнатылды. Сонымен қатар, жергілікті полиция қызметіне 9 тасымалды бейнетіркегіштер, 5 автокөлікке арналған бейнетіркегіштер алынды. Ауданда прокуратурамен бірлесіп, «электронды қылмыстық іс» және «электронды әкімшілік іс» пилоттық жобалары іске асырылуда. Барлық учаскелік полиция пункттері компьютерлермен, принтерлермен, интернет байланысымен қамтамасыз етіліп отыр. Бұл құрылғылар қылмыс деңгейін төмендетуге, жемқорлықтың алдын алуға, жұмыс тиімділігін арттыратын болады. Дегенмен, бұл бағытта кемшіліктер бар. Жаңатұрмыс, ауыл шаруашылығы бөлімі.

Құқық бұзушылық және қылмыс профилактикасы тиісті деңгейде жүргізілу нәтижесінде жалпы тіркелген қылмыс деректері – 16,8 %-ға (303-тен 252 дерекке) төмендеді.

Облыстық деңгейде шешімін күткен мәселе бойынша, жергілікті полиция қызметінің штаттық лауазымдарына қосымша 13 учаскелік полиция инспекторлары мен көмекшілері, 15 жол патрульдік полиция инспекторларының штаттық бірліктері, 15 қызметтік автокөлік қажеттігіне орай, қызметтік автокөліктер сатып алу үшін облыстық бюджет есебінен (36 млн) қаражат қарастыру қажет.

 Аудан аумағындағы республикалық деңгейдегі келесі  түйінді мәселелерді шешу қажет.

  1. Өңірдегі суармалы жерлерді айналымға қосу, аудан аумағындағы каналдарды тазалау жұмыстары, атап айтқанда 115 ішкі шаруашылық каналдар, механикалық тазалауды қажет етсе «Казсушар» кәсіпорны 34 каналды тазалау жұмысын жүргізуді жоспарлап отыр, қалған 81 каналдың тазалау жұмыстарына қаражаттың қажеттігі сезілуде.
  2. ЮНЕСКО тізіміне енгізілген Байзақ ауылындағы Қостөбе қалашығына қазба жұмыстарын жүргізуге және зерттеуге Мәдениет және спорт министрлігіне қаржы бөлу туралы ұсыныс берілді.
  3. Бурыл ауылындағы 300 оқушыға арналған мектеп құрылысына 1.181 млн теңге қаражат қажет. Құжаттар Білім және ғылым министрлігіне өткізілді.
  4. Қостөбе ауылындағы мектебіне қосымша ғимарат соғуға ЖСҚ сарапатамадан өтті. Білім нысанында модулдық қазандықтар құрылуда. Барлығы 7 керек.

Облыстық деңгейдегі шешілетін мәселелер қатарында келесі проблемаларды атап өтуге болады.

  1. Қостөбе ауылындағы Қостөбе орта мектебіне жанама спорт залы, мәжіліс залы, асхана және 3 оқу бөлмелерін, газбен жанатын қазандық құрылысының жобалық сметалық құжаттары сараптамадан өткен. Аталған нысанның құрылыс нысанына бюджет есебінен 601,0млн. теңге қаражат бөлу қажет.
  2. Аудан бойынша 8 мектепте асхана, 17 мектепте спорт зал жоқтығына байланысты осылардың құрылысына жобалық сметалық құжаттарын әзірлеу үшін 290 млн. теңге; Ангарлық типтегі спортзалдар соғу мүмкіндіктері қаралуда.

Енді жоғарыда атқарылып отырған жұмыстармен қатар жыл аяғына дейн атқарылуы жоспарланған жұмыстардың негізгілерін атап өтер болсақ:

  1. «Жамбыл құс» ЖШС-і банкротқа ұшырап, жұмысын тоқтатуына байланысты, босап қалған жұмысшыларды жұмыспен қамту және аудандағы ет өндіріс көлемін арттыру мақсатында жұмыртқа өндіретін «Жамбыл құс» ЖШС-і сатылып, «Алель агро» ЖШС-і тарапынан нысанды қайта жаңғырту жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. 500 млн. теңгеге құрал-жабдықтары алынды. Құс сою цехына жер іздестірілуде. Жоба іске асырылғанда жылына 20 мың тонна құс етін өндіру жұмысы жолға қойылады.
  2. Индустриалды аймақты дамыту мақсатында «Ақ-сұңқар 2002» ЖШС-нің базасында кәсіпкерлердің бизнес жобалары бойынша цехтар ашу жоспарлануда.
  3. Ауданда мал ауруларының алдын алу және ветеринарлық шараларды жүргізуге арналған 1 пункт жұмыс жасайды. 4 ауылдық округте босаған ғимараттарды ветпункттерге беруді жоспарлап отырмыз. 2 ауылдық округте (Жалғызтөбе және Көптерек) ветпунктке ғимарат сатып алуға конкурс жарияланып, келісім шарт жасалды. Орындалу мерзімі 2018 жылдың қазан айы. Қалған ауылдық округтерді 11 ветпунктті 2019-2020 ж.ж. қызметтік ғимаратпен қамтамасыз ету міндеті тұр.

«Рола-7» ЖШС-де макарон өнімдерін өндіретін «Арай» цехі күніне қуаттылығы 1,5 тонна кеспе өнімдерін өндіреді. Жоғарыда аталған цех 20 жылдан астам жұмыс істеуде. Жабдықтар техникалық және моральдық тұрғыда ескіргендіктен, қазіргі таңда «Даму-өндіріс» бағдарламасы бойынша 250 млн. теңге айналым капиталын қаржыландыруға және «Арай» цехын қайта жаңартуға үшін несие  алу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мәселе шешілген жағдайда, 60-70 жұмыс орнын ашу және өнеркәсіптің өнімділігін 30 пайызға арттырады деп жоспарлануда.

«Ақ-сұңқар 2002» ЖШС-нің аумағында Кәсіпкер өз күшімен саңырауқұлақ өндіретін цех ашқан. Тағы бір ғимаратты жеке кәсіпкер жалға алып, кондитерлік тағамдар жасайтын цех ашу үстінде. Мейрамхананың құрылысының жұмыстары жүргізілуде. Мейрамхананы 2019 жылы ашу жоспарда.

«Аулие-Ата Феникс» ЖШС-сі Аграрлық несие корпорациясымен келісіп, өндіріс көлемін 20% ұлғайту және 30 жаңа жұмыс орнын құрылады деп күтілуде.

  1. Ағымдағы жылы 3 (Ш.Уәлиханов, Абай, Н.Гоголь) мектептің күрделі жөндеу жұмыстарына жобалық-сметалық құжаттама дайындау үшін жергілікті бюджеттен 29 млн. теңге бөлінді. Жыл аяғына дейін ЖСҚ дайындауды аяқтауымыз қажет.
  2. Сонымен қатар «Энергия тиімділігін арттыру» бағдарламасы аясында Халықаралық даму банкі гранты арқылы Түймекент, Бурыл, Уәлиханов орта мектептерінің ғимараттарына ішінара күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге конкурс жарияланып, қазан айына жоспарлануда.

Биыл  Байзақ ауданына 80 жыл толып отыр. Осыған орай, торқалы тойды кеңінен атап өту үшін көптеген істер атқарылуда. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақалалық бағдарламасы аясында «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» тізіміне енген Байзақ датқа кесенесіне инфрақұрылым жасақталып, туристік аймаққа айналдыру бағытында  жұмыстар қолға алынуда.  Дүбірлі мерейтой қарсаңында айналасына гүлзарлар мен сәндік ағаштар отырғызылды. Бұдан басқа, кесене аймағы қоршаумен қоршалып, туристік мақсатта келушілер үшін 80 баспалдақтан тұратын  жол салынған. Жарықтандыру мен су мәселесі де шешімін тапты. Жөндеу жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатын болады. Келесі жылы жеміс ағаштарын отырғызып, келген қонақтарға демалу  орындарын салу да қолға алынатын болады.

Бәйтерек ауылдық округіне қарасты Бәйтерек ауылында «Байзақ ауданына 80 жыл» атындағы саябақтың құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Жобалық құны 35 млн,56 мың теңгені құрайтын саябақты «Еркоса и К» ЖШС салуда.

Сондай-ақ,  мерейтойда «Байрақты Байзақ елі» атты өңірдің сан – саласы мен, тыныс – тіршілігі жайында жазылған кітап және «Қасиетті, киелі дара мекен!» фильмінің тұсауы кесілетін болады.  Қазан айында «Туған жердің таланттары» атты әдеби — музыкалық поэзия кеші жоспарланған. Мұнда жергілікті ақындар мен өңірден түлеп ұшқан таланттар шақырылатын болады, — деді Р.Рахманбердиев.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444