Мойынқұм ауданында тұрғындарды жұмыспен қамтылу деңгейі – 77,7%-ды құрады

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында Мойынқұм ауданы әкімі Бақытжан Нүркеновтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтті деп хабарлайды Тараз қаласы әкімінің баспасөз қызметі. Бақытжан Балтабекұлы ауданның қаңтар-тамыз айларындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Бақытжан Нүркеновтің айтуынша, аудан экономикасы өткен жылмен салыстырғанда барлық салалар бойынша ілгерілеуді көрсетіп отыр.

Өнеркәсіп саласы. 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында көрсеткіштері ауданда 34 млрд. 9 млн. теңгеге өнеркәсіп өнімдері орындалып, нақты көлем индексі – 108,7 %-болып отыр. (2017 жылы 28 млрд. 413,2 млн. теңге НКИ – 116,6%)

Ауыл шаруашылығы саласы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 2530,8 млн. теңгені құрап, НКИ-100,8% болды. (2017 жылы 2735,5 млн.теңге, НКИ-106,0%)

Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2018 жылдың қаңтар-тамыз айларында 4553,8 млн. теңге болып, 86,0% құрады. (2017 жылдың осы мерзімі 5212,8 млн.теңге, 125,9%).

Бөлшек сауда тауар айналымы. 2018 жылдың 8 айының бөлшек сауданың көлемі 934,6 млн. теңгені құрады. 2017 жылдың 8 айымен салыстырғанда азық түлік емес тауарлар көлемінің өсуінен 3 есеге артып отыр (2017 жылы 291,4 млн.теңге).

Мойынқұм ауданында нәтижелі жұмыспен қамту 3 бағытта жүзеге асыруға негізделген. Бақытжан Балтабекұлының айтуынша, ағымдағы жылдың 8 айында жұмыспен қамту бөліміне 992 адам жұмысқа орналасуға өтініш білдіріп, оның 771-і қамтылған. Уәкілетті органдар арқылы жұмыспен қамтылу деңгейі – 77,7%-ды құрады.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасының 3 бағытын жүзеге асыруға негізделген:

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша:

Бағдарламаға қатысушыларды қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету бойынша жалпы – 174 азаматты оқыту жоспарланған.

2018 жыл есептік мерзімде қысқа мерзімді кәсіптік оқумен 7-мамандық бойынша 174 адамды оқыту жоспарланып, оған облыстық бюджеттен 38802,0 мың теңге бөлінген. 174-азаматтың өтініші қабылданып, барлығы оқуға жолданды. 2018 жылдың 8 – ай қорытындысымен 100-адам оқуын аяқтап, тиісті дәрежедегі сертификаттарын алды.

Бағдарламаның 2-бағыты бойынша (Жаппай кәсіпкерлікті дамыту)

Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауылда шағын несие «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы мен микроқаржы ұйымдары, несие серіктестіктері арқылы беріліп, оларды қорландыру «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ-ы арқылы жүргізіледі. Қазіргі уақытта 41-азаматтың өтініші қабылданып, 11 азамат мал шаруашылығын жүргізу бағытында 43,3 млн теңге шағын несие алған. 5- азаматтың құжаттары тіркеуге ұсынылып, 25- азаматтың құжаттары қаралуда.

Бағдарламаның 3-бағыты бойынша: Әлеуметтік жұмыс орындарына 2018 жылы республикалық және жергілікті бюджет арқылы 23685,0 млн. (РБ-18,9млн., ЖБ-4,7 млн.тенге) теңге көлемінде қаржы қаралып, барлығы 135 азаматты жұмысқа тарту жоспарлаған, есепті кезеңде 15 жеке кәсіпкерлер және шаруа қожалықтармен келісім-шарт жасалып, барлығы 145 жұмыссыз әлеуметтік жұмыс орындарына жолданды. Бөлшектенген жоспар бойынша 16,2 млн.тенге қаражат игерілді (РБ-12,6млн., ЖБ-3,6млн. тенге).

Қоғамдық жұмыстарына 2018 жылы жергілікті бюджеттен 63827,0 млн. теңге көлемінде қаржы қаралып, аудан бойынша 334-жұмыссызды уақытша жұмысқа тарту жолспарланған. Берілген есептік мерзімде 287 жұмыссыз қоғамдық жұмысқа жолданып, 46,0 млн. тенге қаражат игерілді.

2018 жылдың есептік мерзімінде жұмыспен қамтудың белсенді шараларына-809 адам тартылды, соның ішінде ваканттық бос жұмыс орындарына – 319 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына – 145 адам, жастар практикасына – 58 түлек, ақылы қоғамдық жұмыстарға – 287 жұмыссыз тартылған.

Сондай-ақ, ағымдағы жылы бірыңғай цифрлық алаң арқылы жұмысқа орналастырылған, тіркелген ізденушілердің үлесі – 9,5 пайыз, тіркелген ізденушілердің саны-35, тіркелген жұмыс берушілердің саны-35. “Еңбек биржасы” немесе “Электрондық үкімет” арқылы жұмыс іздеуші және жұмыс берушінің арасындағы сұхбаттасу бойынша тұрақты немесе уақытша жұмысқа қабылдау жұмыстары жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444