Облыстық бюджеттің қаржыландырумен 269 млн. теңгеге сатып алынды

Бүгінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқынын қалалардағы құрылыстың қарқын алуымен, халыққа барынша жағдай жасалуынан білінсе керек. Жуырда Кентау қалалық орталық ауруханасында инсульт орталығы ашылды. Аталған шараға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков, Кентау қаласының әкімі Әбдібақыт Мақұлбаев, Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Мұқан Егізбаев және медицина саласының ардагерлері қатысты. Аурухана базасында ашылған инсульт орталығы компьютерлік — томографиямен жабдықталды. Заманауи талапқа сай жаңа қондырғының көмегімен инсульт пен бас миының жарақатына нақты анықтауға мүмкіндік береді. Осы уақытқа дейін Кентау қаласының тұрғындары Түркістан қаласына қатынап ем алуға мәжбүр болған.

Компьютерлік томография ауруды алғашқы белгілерінен — ақ анықтауға мүмкіндік береді. Аппараттың көмегімен бастағы ісіктер мен қабыну процесін, сүйек құрылымындағы аурулардың ауыр жағдайының өзін нақты табуға болады, дейді мамандар. Сонымен қатар кеудедегі, құрсақ қуысы мен асқазан, аш ішектің, мұрын қуысы мен бүйректегі ауытқуларды тексеруге болады. Жапондық Optima 540 компьютерлік томографиясы облыстық бюджеттің қаржыландырумен 269 млн 500 мың теңгеге сатып алынып орнатылған.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444