Несібесі мол елдің өнімі бітік шығады

Жетісай ауданына қарасты Мақталы ауыл округіндегі Жетісай ауданы әкімі Жамантай Бейсенбаевтың округ халқымен кездесуінде әңгіме арқауына айналды. 1957 жылы құрылған округтің жалпы жер көлемі 10 мың 22 гектарды құрайды. Оның 8200 гектары егістік жер саналады. Мұнда тұрып жатқан халық саны қазіргі таңда 9033-ке жетіп отыр. Биыл округте 5345 гектар жерге мақта, 699 гектарға дәндік жүгері, 1254 гектарға бақша, 256 гектарға көкөніс, 174 гектарға ескі жоңышқа, 186 гектарға сүрмелдік жүрегі, 210 гектарға күріш егілген. Биыл мұндағы 9 шаруа қожалығы «Ырыс» микрокредиттік ұйымынан жалпы сомасы 6 млн 500 мың теңге көлемінде несие алып тірлігін дөңгелетіп отыр. Сондай-ақ, шаруаларға соңғы 7 айда 205 тонна жанар-жағармай, 1420 тонна минералды тыңайтқыш таратылып берілген. Округте ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру жұмыстары жүргізілуде. Мұның шаруаларға тиімділігі өте жоғары. Аудан әкімі егістік жерлерді цифрландыру жұмыстарын тез арада аяқтап, мақтаның тоннасы берілетін субсидияны әр шаруаның дер кезінде алуына жағдай жасау керектігін ескертті. Осы ретте аудан әкімі округ басшылығына алдағы қазан айына дейін аталған салалардағы ұсыныстарын әзірлеп, сметалық құжаттарын бекітіп, тиісті орындарға жолдауды тапсырды.

Жетісай ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444