Жалақы жоғарыламақ

Экономиканың дамуы мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жоғарылауына септеспек. Біліктілігі жоғары, өз ісінің кәсіби маманы ретінде танылған мемлекеттік қызметкерлердің жалақысы жоғары болуы тиіс, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Жоғары жалақы – мамандарға өз ісін тындырымды атқарып, смыбайлас жемқорлыққа бармауға кепіл болады. Осы қағиданы негізге алған ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігі жалақы төлеудің жаңа жүйесін қолданып отыр. Нәтижесінде мамандар жалақысы бірнеше есе өсті. Бұл жоба Мемлекеттік қызмет істері агентігінің бастамасы бойынша Астана Шымкент қалалары мен Маңғыстау облысы әкімдігінің аппаратында жүзеге асуда. Бұл жобалық бағдарлама Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын арттыруды көздейді. Әли Көмекбаев — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы Жартысы Түркістанға кетті , жартысы қалды.Содан біздің вакансиямыз болып отыр. 6 адамның жұмысын қалған 25 адам жасап отыр. Енді 25 адамға айттық мына жұмысты жасай аламыз ба? Жасасақ сол айлық сіздерге бөлінеді». Ендігіде әрбір қызметкер өзінің атқарған жұмысына лайықты жалақы алуы тиіс. Еңбекақысы лайықты бағаланып, тапқан табысы отбасын қамсыз асырауға жетіп артылғаны абзал. Шымкенттегі департамент ол үшін бос лауазымдағы   орынның  жалақысын  өзгелерге бөліп отыр. Одан өзге еңбек ақысын  30 пайызға көтеріледі. Жыл қорытындысы бойынша  үнемделген қаржы мен мекеменің тапқан табысы секілді қорлардан түсетін қаражаттан тағы да 4 пен 10 жалақы аралығында айлық бөлінбек. Сонда бұрындары 90 мың жалақы алатын маманның айлығы 285 мың теңгеге дейін өседі.  Әли Көмекбаев — ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы «Елбасының  бірнеше рет айтқаны бар ғой, 10 адам жұмыс істесе соның 6-8-і қағаз тасиды 3-4-і ғана жұмыс істейді.Сол себепті бұл жердегі ең үлкен мақсаты сол 3-4-еу жұмыс істеп жүрген адамды қалдыртып, сенімділікті арттырып олардың жұмысына салмақты айлық төлеу». Жаңа жүйе бойынша жалақысын есептеткен Еркебұлан Сейдалиев өзінің табысы екі еседен асқанын жеткізді. Көпбалалы отбасымен пәтер жалдап күнелткен бұл отбасы енді өздерінің пәтеріне қол жеткізу жолдарын қамдай бастапты.  Еркебұлан Сейдалиев — ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің  маманы «Бүгінгі таңға дейін мен 56 мың теңгеге пәтер жалдап тұратынмын. 102 мың теңге айлығым.Маған бұл қиындық тудыратын. Менің айлығым 220 мың теңгеге дейін өсті. Енді Елбасының 7-20-25 бағдарламасы бойынша үй алуға мүмкіндік туып отыр». Еліміздің 3 аймағында қолға алынған бұл жоба тиімділігін дәлелдесе, болашақта еліміздегі мемлекеттік қызмет көрсету саласы толық осы жүйеге көшуі мүмкін. Сонда мемлекеттік қызметте кәсіби біліктілігі жоғары , өз ісінің нағыз маманы ғана болады,-дейді жобаға қатысушылар.

Н.Кенжехан

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444