Айналма жолдың құрылысы басталмақ
Келес ауданынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолының айналма жолын салу жобасымен танысу мақсатында қоғамдық тыңдау болып өтті.
Бүгін, 11 – қазан Келес ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Келес ауданы әкімі аппаратың қолдауымен «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ, Бас жобалаушы «Инженерлік орталық «АСТАНА» ЖШС-мен қоғамдық тыңдау ұйымдастырылды. Қоғамдық тыңдауға Келес ауданының әкімі А.Есбаев, аудан әкімінің орынбасарлары А.Жаңбырбаев, С.Қарақұлов және А.Сексенбаев, ауылдық округтердің қоғамдық кеңесінің өкілдері, Аудан орталығының және ауылдық округтердің тұрғындары, фермерлер, шаруа қожалықтары мен кәсіпорындардың өкілдері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты. Қатысушыларға төрағалық етуші ретінде Келес ауданы әкімінің орынбасары С.Қарақұлов және Келес ауданының тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы – А.Кенегесовтің және де аудан маслихатының хатшысы А.Тотиков кандидатуралары ұсынылды. Бұл үміткерлерге қатысушылар бірауыздан дауыс берді. Төраға ашық тыңдаулар мен нормативтік актілердің күн тәртібін бекітті.
Ашық тыңдаудың күн тәртібінде: Келес ауданынан өтетін Республикалық маңызы бар автомобиль жолының айналма жолын салу жобасымен танысу. Нысанның негізгі жобалық-техникалық шешімдерімен таныстыру; Жоба бөлімінің «Қоршаған ортаға тигізілген әсерді бағалау» және ортаны қорғау шаралар жоспарымен таныстыру;
Жобаны әзірлеуші және «ҚазАвтоЖол»ҰК» АҚ-ның бойынша өкілдері барлық сұрақтарға жауап берді. Жергілікті тұрғындардан ұсыныстар мен ескертпелер келіп түспеді. Ашық дауыс беру арқылы қоғамдық тыңдаулардың қатысушылармен Келес ауданы айналма тас жолының жобасын қолдады және мақұлдады.
Қоғамдық тыңдаулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өткізілген деп жарияланады.
Келес ауданы әкімінің баспасөз қызметі