Құрылыс қарқынды жүргізілуде

Облыс орталығы Түркістанда жыл соңына дейін 700 отбасы баспаналы болады. Бүгінде шаһарда азаматтарды баспанамен қамту шаралары қарқынды түрде жүзеге асуда, деп хабарлайды «Оңтүстік» арнасы. Ол үшін осы жылдың екінші жарытысында қазынадан 6 млрд теңгеден астам қаржы қаралып, 11 үйдің құрылысы басталған. Одан бөлек, қала аумағынан 10 пәтерлі қызметтік 4 үй салынуда.Ен далаға ел қондыру жұмыстары жаңадан құрылған Түркістан облысының орталығында қарқынды қазір. Құрылыс жұмыстарының дені жаңа әкімшілік іскерлік орталық орналасатын Отырар мөлтекауданында жүргізіліп жатыр. Құрылыс бөлімі берген ақпаратқа сүйенсек, мұнда қазір 11 үйдің құрылысы жүргізілуде. Оны салып жатқан құрылыс компанияларына да қойылған талап қатал. Барлық істі бас-аяғы 6,5 айда аяқтаулары керек. Сондықтан мұнда құрылыспен қатар, инфрақұрылым жүйелерін тарту жұмыстары қатар жүруде.Екінші жарты жылдықта басталған істі жыл соңына дейін аяқтау үшін 6 компания тер төгуде. Барлық үйдің типтік үлгісі бірдей. Үйлер кірпіштен салынады, 5 қабатты. Әрқайсысында 1,2,3 бөлмелі 60 пәтер болады. Бүгінде конкурстық негізде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемелер: «үйлерді кестеге сай бітіреміз», — дейді. Сәрсенбай Ерназаров – құрылысшы  “Мерзімі қысқа берілген. Осы жылы өткізуіміз керек. Соған тырысып бағамыз. Егер мерзіміне үлгере алмай жатсақ, сменге қоямыз. Түнгі сменада да жұмыс істейміз. Әзірге әкімдік тарапынан кедергі жоқ. Келісіп, жоба бойынша істеп жатырмыз”.Статистикаға сүйенсек, қазір Түркістан қаласында 6 мыңнан астам азамат баспана сұрап, кезекте тұр. Оған қызмет бабымен киелі мекенге көшіп келетіндерді қоссақ, кезек санының ұзаратыны анық. Осы түйткілді шешу үшін қалалық құрылыс бөлімі тағы 9 үйдің құрылысын бастауға ұсыныс әзірлеген. Егер сол мақсат орындалса, қажетті инфрақұрылымдар тартылып, салынатын үйлер саны 20-ға жетеді.

Әбдісамат Исраилов – Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің басшысы

Осы салынып жатқан 20 үйдің инфрақұрылымы бар. Ол да қазір экспертизадан өтті.Осы салынып жатқан 20 үйге біз суы, кәріз жүйелері, газ мәселесі және жылу бар. Ол үшін бөлек жылу қазандығы болады. Осындай жұмыстар атқарылады. Баспана мәселесін тездетіп шешу үшін қала билігі қалталы кәсіпкерлерді де тартыпты. Бизнесмендер мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында өз қаржыларына қызметтік үйлер салып жатыр. Енді олар арнайы бағдарлама арқылы мемлекет меншігіне алынып, қызмет бабымен сонда ауысқандарға беріледі. Ал, кәсіпкер қаржысы мемлекет тарапынан қайтарылады.   

М. Жарылқасын

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444