Ауданды туризм түлетеді

Түркістан облысындағы Төле би ауданында туризм саласында 45 нысан жұмыс істеуде. Аталған саладан өткен жылы 6,6 млн. теңге салық түсіп, келуші туристер саны 45 мыңға жуықтаған. Алдағы уақытта демалыс орындарының қызмет көрсету сапасы жоғарылай түсетін болады.

Жалпы кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 7232, ал кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтіндер саны — 15483 адамға жетті. Сондай-ақ, шағын және орта бизнес саласында 33 млрд. 279 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 532 млн. теңге көлемінде бюджетке салық түскен.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 815 млн. теңгені құрайтын 9 жоба мақұлданып, жаңадан 103 жұмыс орны ашылған.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасымен қысқа мерзімді кәсіптік оқытуға 18 мамандық бойынша 504 азамат оқуға жолданып, оның 124-і тұрақты жұмысқа орналасты. Бағдарламаның екінші бағыты аясында 97 азамат жалпы сомасы 206,1 млн теңге көлемінде шағын несие алған. Нәтижесінде 120-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылды. Бағдарламаның үшінші бағыты шеңберінде тұрақты жұмысқа жалпы 1800-ден астам адам орналасты. Бұдан бөлек, «Өрлеу» жобасымен 586 отбасы  қамтылып, жалпы 275501 мың теңге қаржы тағайындалды. Инфрақұрылым бойынша өңірдегі мәселер шешімін тауып келеді.
Ауданды көгілдір отынмен қамту деңгейі қазіргі таңда 82 пайызды құрайды. 2020 жылға қарай 100 пайызға жеткізу межеленген. Бүгінде елді мекендерді ауыз сумен қамту көрсеткіші 92,7 пайыз, ағымдағы жылы толығымен ауданды таза ауыз сумен қамту жоспарлануда. Өткен жылы 60,1 шақырымды құрайтын 31 автокөлік жолдарына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Тұрғын үймен қамтамасыз ету бойынша Ленгер қаласында былтыр 480 отбасы қолжетімді тұрғын үйге қол жеткізген. Сондай-ақ, 40 және 20 пәтерлі 2 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444