Ұланымыз ұлы елдің

Дүйсенбі күні №5 мектеп – гимназиясында Республикалық бірыңғай «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының жалау тобының «Жалауға тұрыңдар» дәстүрлі аудандық байқауы өтті.

Байқауға барша аудандық мектептерден оқушылар келіп, өз өнерлері мен шеберліктерін ортаға салды. Бұл аудандық байқау Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 – жылдығына арналды.
Сайыс Бірі берілген тапсырмадан ауытқып жатқанда, екіншілері өздеріне жүктелген тапсырманы ойлағаннан да артық орындап жатты. Тапсырманы әдеттегіден де артық орындап жатқандар көзге бірден түсіп жатты.
Жарысқа 10 – сынып оқушыларынан 19 аудандық мектептен 19 топ қатысты. Жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын, еңбекқұмар, білімге құштар, өзін – өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын, өршіл, қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыру мақсатында сайыс ұйымдастырылып тұрады.
Оқушылардың шеберліктеріне әділқазылар өз бағаларын қойып отырды.
Сайыс соңында өздеріне жүктелген барлық міндеттерді орындап, жалпы есеп бойынша 161 ұпай жинап, Южный кентінің №9 БМК және 160 ұпай жинап Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп – гимназияның оқушылары бірінші орынды бөлісті. Екінші орынды 152 ұпаймен Топар кентіндегі Б.Момышұлы атындағы орта мектеп және 146 ұпаймен «Мерей» БМК иеленді. Ал үшінші орынға үш орынды 140 ұпаймен Топар кентінің Корниенко атындағы орта мектебі және 135 ұпаймен Құрма орта мектебі алды. Сол сияқты жүлделі орындағыларға аз ғана балдары жетпей қалған «Компазициядағы үйлесімділік үшін»Топар кентіндегі Абай атындағы орта мектебі, «Көрсетілімдегі салтанаттылығы мен ерекше көзге түскені үшін» Топар орта мектеп, «Командирдің топтық икемдері үшін» Самарка орта мектебі әр түрлі номинациядағы жүлделі орындарға ие болды.
Гүлнұр ОҢАЛЫСҚЫЗЫ

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444