Түркістан облысында БҰҰДБ шеңберінде алғашқы жоба мақұлданды

Түркістан облысына қарасты Созақ ауданының 16 көшесінде ДРЛ-250 натрий қоспалы 930 жарық беруші жабдықтар орнатылған. Яғни жылына жалпы алғанда 555,0 мың квт-тан аса электр қуаты тұтынылса, шамдардың қолдану мерзімі – 1,5-2 жыл. Жарық беретін мұндай жабдықтар батыста қолданыстан баяғыда шығарылып, электр тиімді жарықдиодты шамдарға ауыстырылған. Жарықдиодты жабдықтардың артықшылығы – қолдану мерзімінің 9 — 11,4 жылға дейінгә ұзақтығы – немесе 80 000 – нан 100 000 мың сағатқа дейін, улы сынап, қорғасын буы жоқ, ультракүлгін және инфрақызыл сәуле бермейді, қымбат тұратын жоюды қажет етпейді, электр қуатын аз тартады. Осы жағдайдың барлығын саралай келе жауапты тұлғалар ескі шамдарды мемлекеттік-жеке меншік серіктес арқылы жарық диодты шамдарға ауыстыру туралы шешім қабылдады. Мемлекеттің жеке серіктесі – «Торлан – Строй» электр сервистік компаниясы. Компания ұзындығы 30,6 мың метр болатын 16 көшедегі 930 шамды күші 100 квт болатын энерготиімді жарықдиоды шамдарға ауыстыру жұмыстарын орындауды көздеп отыр. Бұл жұмыстардың арқасында жылына – 572 190 квт немесе 64% электр қуаты үнемделеді. Ал ауылдың тұрғындарына қолайлы. Қас қарайғаннан бастап қақпадан аттап шықпайтын жұрт кешкі уақытта көшеде серуендеп, қыдыра алады. Көшедегі жарықтың арқасында ауылдағы криминогенді жағдай да төмендейді.

«Түркістан-ақпарат»

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444