«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы»

Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 4 мамырдағы № 274-IV Заңы

33-2-бап. Сатушының (дайындаушының, орындаушының) уәкілетті орган және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері туралы ақпаратты орналастыру жөніндегі міндеттері

  1. Сатушы (дайындаушы, орындаушы) тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректерін (мекенжайы мен телефон нөмірін), сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығы туралы ақпаратты орналастыруға міндетті.

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) өзін-өзі реттейтін ұйымның мүшесі (қатысушысы) болған жағдайда, бұл туралы ақпарат тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) орнында міндетті түрде орналастырылуға тиіс.

  1. Электрондық коммерция арқылы тауарды өткізу (жұмысты орындау, қызметті көрсету) кезінде уәкілетті органның және тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің байланыс деректері (мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпаратты уәкілетті органның ресми интернет-ресурсына сілтеме арқылы, сондай-ақ тұтынушының өзінің бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін оларға немесе сотқа жүгіну құқығын көрсету ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы орналастырылуға тиіс.

Сатушы (дайындаушы, орындаушы) пайдаланатын интернет-ресурста оның байланыс деректері (нақты мекенжайы мен телефон нөмірлері) туралы ақпараттың орналастырылуы міндетті.

 

Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілерінің тізбесі

 

Тұтынушылық дауларды сотқа дейінгі реттеу субъектілері

(төреліктер, медиаторлар, тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері және өзін-өзі реттейтін ұйымдар)

Байланыс деректері

(мекен-жайы және телефон нөмірі)

Шымкент қаласы
Мемлекеттік мекеме
1 Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Шымкент қаласы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті Шымкент қ.

Түркістан көшесі,  2а ғимарат, каб. 303

Тел:8 (7252)53-07-04

8 (7252)53-07-06

 

Тұтынушылардың қоғамдық бірлестіктері
1.       «Орынтай Сейдалиев атындағы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі» қоғамдық бірлестігі Шымкент қ.

Ахмет Байтурсынова көшесі. 15Б үй,

26 пәтер

тел.: +7 (702) 762-43-77

2.       «Тұтынушылық бақылау» қоғамдық бірлестігі Шымкент қ.

Коксай 2 көшесі. 453Б.

тел.: +7 (701) 224-45-76

3.       «Дулат» қоғамдық бірлестігі Шымкент қ.,

Тауке хандаңғылы 45.

тел.: +7 (701) 357-42-63

 

Шымкент қаласы бойынша

Сауда және тұтынушылардың

құқықтарын қорғау департаментінің

бас маманы     И. Ахмедиев

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444