Пробациялық бақылауда тұрған сотталушыны бақылаусыз қалдырғандардың жауапкершілігі қаралды

Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің Сарыағаш аудандық пробация қызметі бөлімінің аға инспекторына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады.
Аға инспектор пробациялық бақылауда тұрған сотталушыны пробациялық бақылаусыз қалдырып, қызметiне салғырттықпен немқұрайлы қарау салдарынан сотталушы қоғамға қауіпті аса ауыр қылмыс жасаған.


Тергеу нәтижелері бойынша мұндай қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасау, алдымен сотталушыны пробациялық бақылауға қою бойынша құжаттарды формалды түрде жасағаннан және басшылар тарапынан тиісті ведомствалық бақылаудың болмауынан туындаған деген қорытындыға келді.
Облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметімен, алдағы уақытта құқық бұзушылықтарды болдырмау үшін аға инспекторды теріс қылық негіздері бойынша жұмыстан шығару, қарамағындағы қызметкердің қылмыстық құқық бұзушылығын жасауына жол беріп, нақты іс-шараларды әлсіз атқарғаны үшін жауапты басшылардың тәртіптік жауапкершіліктерін қарау, сонымен қатар, пробациялық бақылаудағыларды әлеуметтік бейімдеу және оңалту арқылы қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында цифрландыру жүйесін енгізу ұсынылды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайлар туралы ұсыну ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, оған қарасты аумақтық департаменттердің жеке құрамының қатысуымен қаралды.
Күдіктіге қатысты түпкілікті процессуалдық шешімді сот шығарады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444