Дана, дара халықтың бүгінгі бір бөлшегі болу үлкен бақыт

Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында және 1 мамыр Қазақстан халқы бірлігі мерекесіне орай Шымкент қаласы түрік этномәдени бірлестігі барша қазақстандықтарды елімізде тату ғұмыр кешіп жатқан отандастары атынан құттықтайды.

Сіздерді Қазақстан  халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бұл күн – достық пен татулықтың, бірлік пен ынтымақтың, бейбітшілік пен мейірімділіктің мерекесі.

Қазақтар бұрыннан бауырмал, кең пейілді ел. Қиын қыстау жылдары қуғын-сүргінге ұшырап, пана іздеген түрлі ұлт өкілдерін бауырына басып, бір үзім нанын тең бөліскен халық. Мен үшін осындай дана, дара халықтың бүгінгі бір бөлшегі болу үлкен бақыт.

Біздің елде барлық этностар тіліне, дініне, діліне қарамастан бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Сондықтан  1 мамырды әрбір қазақстандық үшін жалпыұлттық бірліктің, Отаншылықтың күні деп атауға болады.

Сіздерді ел басына күн туған қиын кезеңде карантин талаптарын сақтауға шақырамын. Бұл індетті біз бірге еңсере алатынымызға бек сенімдімін. Баршаңызға мықты денсаулық, амандық тілеймін!

Бегалы Байрам,

Шымкент қаласы түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі,

Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444