Ең жоғары жалақыны кімдер алады?

Қазақстанда орташа жалақы 340 636 теңгеге тең. Елімізде 767 мыңға жуық ең жоғары орташа жалақыны тау-кен өндірісінде еңбек ететін қазақстандықтар алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, Қазақстан бойынша атаулы жалақының орташа мәні 2023 жылғы I тоқсанда 340 636 теңгеге тең. 2022 жылдың тиісті тоқсанына қарағанда өсім 19,3%-ды, нақты мәнде – 0,6% төмендеді. Медиана жалақысы (жалақы қатарының орталық деңгейі) 2023 жылғы І тоқсанда бағалау бойынша 225 736 теңгені құрады.

2022 жылғы тиісті тоқсанмен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғар өсімі құрылыста – 34,5%, ақпарат және байланыста– 30,3%, тұру және тамақтану бойынша қызмет көрсету – 29,2% салаларында байқалды.

2022 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда нақты орташа айлық жалақының төмендеуі көрсетілетін қызметтердің өзге де түрлерін ұсыну саласында байқалды – 8,6%.

Орташа жалақы ең жоғары салалар:

— тау-кен өндіру – 766 555 теңге;

— қаржы және сақтандыру – 602 114 теңге;

— ақпарат және байланыс– 541 218 теңге.

Орташа жалақы ең төмен салалар:

— сумен жабдықтау, қалдықтарды жинау және өңдеу – 201 884 теңге;

— ауыл, орман және балық шаруашылығы – 179 388 теңге.

Орташа айлық жалақы жоғары өңірлер бестігі:

— Атырау облысы – 618 420 теңге;

— Маңғыстау облысы – 509 818 теңге;

— Ұлытау облысы – 450 889 теңге;

— Астана қаласы – 432 197 теңге;

— Алматы қаласы – 390 322.

Орташа айлық жалақы төмен өңірлер бестігі:

— Солтүстік Қазақстан облысы – 241 102 теңге;

— Жетісу облысы – 246 203;

— Шымкент қаласы – 254 202 теңге;

— Жамбыл облысы –– 254 646;

— Түркістан облысы – 257 874.

2023 жылғы І тоқсанда өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда орташа айлық атаулы жалақының ең жоғарғы өсімі Атырау облысында тіркелді – 29,4%-ға. Ең төменгі өсімі Батыс-Қазақстан облысында байқалды – 11,9%-ға.

Сондай-ақ Ұлттық статистика бюросы қай өңірлерде ер азаматтар көптігі туралы мәлімет ұсынды.

 

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444