Шымкентте мыңға жуық армян ұлтының өкілдері тұрады

Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл

Шымкентте армяндар белсенді этно-мәдени және әлеуметтік-саяси өмір кешуде. «Наири» қалалық армян этно-мәдени орталығы қоғамдық, мәдени және басқа да бірлестіктермен , сондай-ақ мемлекеттік органдармен тығыз байланыста.

Мәдени орталықтың негізгі қызметі Шымкент қаласында тұратын армян халқының тілін, мәдениеті мен дәстүрін жаңғырту және сақтау, Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу, этносаралық қатынастардың үйлесімді дамуына жәрдемдесу, этностар арасындағы достықты, бейбітшілік пен келісімді сақтау және нығайту болып табылады.

Шымкентте мыңға жуық армян ұлтының өкілдері тұрады. Барлық басқа этно-мәдени бірлестіктер сияқты армян мәдени орталығы да өзінің қалыптасу және даму жолынан өтті. Армян этно-мәдени орталығы өзінің белсенді жұмыстары арқылы қоғамдағы достық пен келісімді нығайту ісіне үлкен үлес қосып келеді.

Орталықтың мәдени-ағартушылық қызметі армян этносының өзіндік мәдениетін, дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын сақтауға және дамытуға бағытталған. Осы мақсатта қалалық армян мәдени орталығы жанынан құрылған көркемөнерпаздар ұжымдары өнер көрсететін іс-шаралар өткізіледі. Жергілікті армяндардың басты мерекесі — Терендез, бұл «от мерекесі» дегенді білдіреді.

Қалалық армян мәдени орталығында Аруцюнян Рузанна басқаратын жастар қанаты жұмыс істейді. Жастар қанаты қоғамдық-саяси іс-шараларға белсенді қатысады.

Этно-мәдени орталықта үш жылдан астам уақыт бойы жексенбілік мектеп жұмыс істейді. Ана тілін үйренуге деген қызығушылық артып келеді.

Қалалық армян мәдени орталығының барлық іс-шаралары бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Қалалық «Шымкент келбеті» газетінің қосымшасында армян этносының өміріне арналған мақалалар, жазбалар, фотосуреттер басып шығарылады. «Отырар» телеарнасы мен «Рабат»газеті орталыққа қолдау көрсетіп, оның қызметін жариялауға әрқашан дайын.  Этно-мәдени орталықтың Армения Республикасымен байланысы жолға қойылған және тұрақты.

Қалалық армян этномәдени бірлестігін  Мәскеу гуманитарлық академиясының түлегі Наира Майтархановна Мовсисян басқарады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444