Шымкент: Ұлттық статистика бюросының қызметкерлерімен кездесу өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің бастамасымен Ұлттық статистика бюросының қалалық департаментінде дөңгелек үстел өтті.

Күн тәртібіндегі басты мәселе – сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, ұжымда парасаттылық құндылықтарын дәріптеу, заңнамаға енгізілген өзгерістерден хабардар ету болып табылады.

Іс-шарада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің өкілі 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасының негізгі бағыттарын түсіндіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тек уәкілетті органның ғана емес, бүкіл мемлекеттік органдардың міндеті екендігін атап өтті.

Сонымен қатар, кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің және оларға теңестірілген адамдардың кәсіпкерлік қызметпен заңсыз айналысудың салдары, мекеме басшыларының қаржылық бақылау шараларын қабылдамау фактілері бойынша түсіндірме берілді.

Дөңгелек үстел соңында жемқорлық құқық бұзушылық туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидалары айтылды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444