СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – БАСТЫ МІНДЕТ
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатындағы кезекті жиын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шымкент қалалық филиалында өтті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті өкілінің қатысуымен өткен басқосуда, жемқорлықтың алдын алу және оның туындауына жол бермеу тетіктері түсіндіріліп, еліміздің 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат тұжырымдамасы таныстырылды. Сондай-ақ, квазимемлекеттік және жеке сектор ұйымдарында корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институтынан хабардар етті.
Одан әрі, сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған кез келген азамат Департаментке немесе 1424 нөмірі бойынша CaII-орталыққа хабарласу қажеттігі хабарланды. Сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша хабарламалары үшін азаматтарды көтермелеуге қатысты толыққанды ақпарат ұсынылды.