ҚР құқық бұзушылық профилактикасы жөнінде
ҚР құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020–2022 жылдарға арналған кешенді жоспары «ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпы ұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының» (ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың 19.06.2019ж № 27 Жарлығымен бекітілген) 8-тармағын, сондай-ақ ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомтсвоаралық комиссия отырысының 2.2.2-тармағын (01.08.2019ж №23-3/07-760) орындау үшін әзірленді.ҚР құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020–2022 жылдарға арналған кешенді жоспары «ҚР Президентінің «Игілік баршаға! Сабақтастық. Әділдік. Өрлеу» сайлауалды бағдарламасын және «Бірге» жалпы ұлттық акциясы барысында алынған ұсыныстарды іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарының» (ҚР Президенті Қ.Қ. Тоқаевтың 19.06.2019ж № 27 Жарлығымен бекітілген) 8-тармағын, сондай-ақ ҚР Үкіметі жанындағы Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомтсвоаралық комиссия отырысының 2.2.2-тармағын (01.08.2019ж №23-3/07-760) орындау үшін әзірленді. Жоспарды әзірлеу және іске асыру құқық бұзушылықтың алдын алу, мүлдем төзбеушілік және жазаның бұлтарпастығы қағидатын қамтамасыз ету бойынша кешенді және жүйелі тәсілдің қажеттілігінен туындаған. Жоспарда қоғамдық қарым-қатынастардың барлық салаларын қамтиды, оны іске асыру құқық бұзушылықтарға «мүлдем төзбеушілік» қағидатын одан әрі қамтамасыз ету, азаматтардың құқықтық санасын және құқықтық мәдениетін арттыру бойынша жаңа серпін береді. Шымкент қаласы әкімдігі «Шымкент қаласы бойынша құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі 2020–2022 жылдарға арналған кешенді жоспарын» 2020 жылғы 30 қаңтарда №49 қаулысымен бекіткен. 2021 жылдың 10 ай қорытындысымен қала аумағында жалпы қылмыстар 5% (9458-ден 8985-ке) азайған. Қоғамдық орындарда тіркелген қылмыстар 7% (3212-ден 2986-ға), оның ішнде көшелерде 4,1 % (1866-дан 1789-ға) төмендеген. Мас халде — 14,1% (304-тен 261-ге), отбасы тұрмыстық қарым-қатынаста 4% (25-тен 24-ке), бұрын сотты болғандармен жасалған қылмыстар 13,3% (728-ден 631-ге) төмендеген. Жол-көлік оқиғалар санын 10,2% (246-дан 271-ге) өскен, оның ішінде, қайтыс болғандар санын 15,8% (57-ден 48-ге), ал дене жарақатын алғандардың саны 3,5% (311-ден 300-ге) төмендеген. Көшеде жасалатын бұзақылық, тонау, қарақшылық, автокөлікті заңсыз айдап кету, ұрлық таға басқа да қылмыстарды басым көпшілігі бейнебақылау камералармен қамтылмаған орындарда жасалуда. Қаланың көшелерімен көп қабатты үйлердің аулаларына 3740 бейнекамералар орнату осы айдың соңына дейін жоспарланған, оның ішінде 2240 жол қауіпсіздігін қадағаласа, 1500 қоғамдық қауіпсіздікті қадағалайтын болады. Осы камералар 120 көше қиылыстарына 1440 камера, көшелердің бойына 200 орынға 800 камера, халық көп шоғырланатын орындар мен үй аулаларына 1500 камера орнатылуда.Алдағы уақытта қоғамдық орындар мен көшеде жасалған қылмыстарға күнделікті мониторинг жүргізіп, криминогендік аумақтар бойынша бөліп-қою жоспарына өзгерістер енгізіп, патрульдеу бағыттарында қылмыстпен құқықбұзушылықты азайту басым міндеттердің бірі болып отыр.
Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі Байкен Аширбаев