Жақсының жақсылығын айт

Жақсылық жасау – жүректен. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында да әлеуметтік мәселелерге көбірек көңіл бөлінген. Бірқатар сала өкілдерінің жалақысын көтерді. Ал, мемлекеттік қызметте жұмыс істемейтін азаматтардың халі ше? Қазына қаржысынан жалақы алмайтын, әлеуметтік тұрғыдан көмекке мұқтаж отбасыларға халықтың таңдаған қалаулы азаматтары үнемі жәрдемдеседі. Адамгершілік пен имандылықты ту еткен, іскерлігі арқылы халықтың ілтипатына бөленіп жүрген Шымкент қалалық мәслихатының, «Nur Otan» партиясының депутаты, фракция мүшесі «Парасат» орденінің иегері — Байкен Әшірбаев. Халық қалаулысы бірнеше жылдан бері әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға көмек қолын созып, елдің алғысын алып келеді.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 84-ші бөлігінде әлеуметтік көмектің атаулы сипатын күшейте отырып, аз қамтылған азаматтарды қолдаудың жаңартылған түрі — жаңа нысандағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау» тапсырмасына сәйкес 2018 жылдың 1 қаңтарынан халықтың күнкөріс деңгейі төмен отбасыларына беріле бастады. Ұлт жоспарындағы рухани маңызға ие істі Байкен Әшірбаев бірден жалғап, ​аталған жылдың қасиетті Рамазан айы қарсаңында ата-анасының қамқорлығынан айырылған балаларға, мүмкіндігі шектеулі жандарға материалдық көмек көрсетті. Шынайы ниетпен жасалған жұмыс – шынайы бағасын алды. 2018 жылы елеулі еңбегі үшін «Ел ардақтысы» төсбелгісімен марапатталды.
Жетім көрсең, жебей жүр,-деген аталы сөздің байыбына барып, балалардың қажетті жағдайын жасап беру шарасын 2019 жылы да жалғастырды. Қолдауды қажет еткен 150 шақты отбасыға жәрдем беріп, мансап пен қызметтен бөлек, адамдығын көрсетті. Нәтижесінде, жанары жасқа, көңілі үмітке толы қаншама адамға қуаныш сыйлады, елдің алғысын алды. 2020 жылы Шымкент қаласына қарасты Жұлдыз шағын ауданындағы 139 отбасыға азық-түлік қорабын табыстады.
Ағымдағы жылы үшінші мегаполистің мэрі Мұрат Әйтеновтің қайырымдылық акциясын алғашқылардың бірі болып бастап, қасиетті айда бес жүзден аса отбасының сауабын алды. Тұрмыс жағдайы төмен отбасыларды қолдау, оларға демеу білдіру «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына енген, басымдыққа ие болған. Жолдау жүктеген міндеттен бөлек, жақсылық жасауды жаны сүйетін азамат үздіксіз қайырымдылық істері арқылы Н.Назарбаев қорының алғыс хатын иеленді. ​​​​​​​​​​​Қайырымдылық жасау – қазақтың қанына сіңген қасиет. Қалалық мәслихат депутаты Байкен Әшірбайұлы қызметтегі жұмыстарымен бірге жақсылық жасаудан да қалыс қалмай келеді. Көпшілік елдің азаматы, халық жанашырының әлеуметтің әлеуетін арттыру жолындағы игі істері жалғаса берсін дейді. Тек қайырымдылық шараларына ғана емес, тұрғындардың тұрмысын көтеру жолындағы бастамалары да оң шешілсін демекпіз. Халықтың қалаулылары халқына қызмет қылудан жалықпасын!

Салтанат Есенкулова

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444