Тәуелсіздігіміз орда бұзар жасқа толды
Тәу етер қастерлі Тәуелсіздігімізге биыл 30 жыл! Тәуелсіздік — Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі. Тәуелсіз ел болғандығымыздың арқасында ғана Қазақстанның сөзі мен ісін бүкіл әлем таныды. Дүниенің бір бұрышында қазақ деген халықтың үлкен істер тындыра алатын өресі мықты, өрісі кең халық екенін әлем білді. Отыз жыл қарап тұрсаң аз ғана кезең. Бірақ, осы жауапты жылдар еліміздің болашағына деген үлкен қадамдардың бастауы. Бүгінде елімізді экономика тұрғысында қарқында дамып келе жатқан мемлекет деп таныса бір жағынан бейбітшілікті ту еткен, ұлттар достығының үлгісі деп те таниды. Əрине бұл ретте Елбасы Қазақтан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбевтың еселі еңбегін айтып өткен жөн. «Nur Otan” партиясының тарапынан, мемлекет тарапынан ел игілігі үшін талай тың жобалар жүзеге асты. Себібі Тəуелсіздікпен Елбасының есімі қатар жүреді. Барлық ғұмырын елге қызмет етуге арнап келе жатқан тұлғаның ізгі жолы кейінгіге үлкен өнеге. Бүгінде шартарапта өзіндік беделі, өзіндік ұстанымы бар, өзгелердің біздің оймен санасатындай мемлекет деңгейіне көтерілуі Елбасының қажырлы еңбегінің арқасы. Тəуелсіздікке жету қандай қиын болса оны сақтап қалу да сондай қиын. Бүгінде əр бір азамат бабалар аңсаған еркіндіктің қадіріне жете біліп, ақыретке дейін Тəуелсіздігіміздің баянды болуына ниетті болу керек.
#Qazaqstan30
#MeninQazaqstanym
Байкен Аширбаев, Шымкент қалалық мәслихатының депутаты