ҚАЗАҚСТАН РЕСПУЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА ОРАЙ
Бүгін, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай, «Nur Otan» партиясының,
«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасын іске асыру мақсатында жол картасындағы «Бұқаралық спортты дамыту», «Жастарды қолдау», бағыттары аясында қаламызда фудболдан турнир бастау алды. Бұл спорттық жарыс, жастарды фудбол ойыны бойынша жаттығуға, шыңдалуға, шымырландыруға мүмкіндік береді. Бәлкім болашақта осы ойын жеңімпаздары әлемдік аренада бақ сынап, еліміздің туын көкке өрлетер. Турнирге Шымкент қаласының бүкіл ауданыннан, басқа да облыстардан жастары келіп қатысуда. Жалпы ойынға 50 команда қатысады, ойын 30 күн бойы жалғасып, Тәуелсіздік қарсаңында жеңімпаздарды анықтайтын боламыз! Жеңімпаздар арнайы қаржылай сыйлықпен марапатталады. Қатысушы командаларға сәттілік тілеймін!
“Nur Otan” партиясының фракция мүшесі, қалалық мәслихат депутаты Байкен Аширбаев.