Кеше -Түркістандық 252 оқушы білім бәсекесіне қатысты

рпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.Міне, осыған орай Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының, білім бөліміндегі мектептердің жоғары сынып оқушылары арасында кеше пәндік олимпиаданың екінші күні С.Рахимов атындағы жалпы орта мектебінде өтті.
🎥 Олимпиадаға Түркістан облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті «Түркістан — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджері Нұржахан Ермағамбетқызы Абуовада қатысып қайтты.
📌 Мұндағы мақсат — олимпиаданың адал және әділ әрі күмәнсіз өтуін 💯қамтамасыз ету.
Төрт күнге созылатын мектеп бағдарламасындағы 12 пәннен өтіп жатқан олимпиадаға аймақтық іріктеу сынынан іркілмей өткен оқушылар қатысуда. Еліміздегі карантиндік режимге орай бір күнде 4пәннен📚өткізу жоспарланған олимпиаданың екі күндік қорытындысы бойынша білім бәсекесінде 252 оқушы математика, физика, химия, биология, информатика, география, қазақ тілі мен әдебиеті, орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәндерінен білімдерін сынақтан өткізді.
Қалалық пәндік олимпиадада😷санитарлық талаптарды қатаң сақтаумен қатар әділ және таза өтуіне де баса назар аударылған. Түркістан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті және «Түркістан – адалдық алаңы » жобалық кеңсесінің менеджерлері мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің бақылауында өтіп жатқан олимпиадада қазылар алқасы оқушылардың жұмыстарын әділ бағалауда. Тағы екі күнге жалғасатын пәндік олимпиадада Түркістандық оқушылар білім бәсекесіне қаншалықты дайын екендіктерін көрсететін болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444