АСХАТ ЖҰМАҒАЛИ: ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДА КЕШЕНДІ ШАРАЛАР ҚАБЫЛДАУ ҚАЖЕТ

Қабылданып жатқан шараларға қарамастан, денсаулық сақтау жүйесінде сыбайлас жемқорлық фактілері орын алуда, деп атап өтті брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали.

Өткен жылдың өзінде Департаментпен медицина қызметкерлеріне қатысты 12 қылмыс тіркелген.

Денсаулық сақтау жүйесінде облыстық балалар ауруханасының бұрынғы бас дәрігері мен аурухананың бас бухгалтеріне қатысты үкім шығарылды.

Олар көрсетілген қызметтердің жалған актілері бойынша жүйелі түрде ақша жымқыру схемасын (25,5 млн.теңгеден астам) ұйымдастырған.

Медициналық қызметке тағайындау үшін №9 қалалық емхананың бас дәрігері мен физиотерапевт дәрігері 400 мың теңге пара алғаны үшін сотталған, — деп атап өтті А.Жұмағали.

Спикердің айтуынша, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бейінді басқарма басшылығы мен бас дәрігерлердің өздері тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбеуде.

Жемқорлыққа бейім мемлекеттік мекемелердің біріне айналған емханалар мен ауруханалар Transparency Kazakhstan зерттеуінде де осы саладағы жағымсыз жағдай туралы айтылуда. Бұл туралы респонденттердің 100% — ы атап өтті.

«Бұл ретте кешенді шаралар қабылдай отырып, түбегейлі, нақты іс-қимыл қажет. Жағымсыз жағдайды өзгерту үшін сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, Жол картасын әзірлеу қажет деп санаймыз» — деді ол.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444