ҚАЛАЛЫҚ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ ҮШІНШІ МЕГАПОЛИС АКТИВІМЕН КЕЗДЕСТІ

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті.

Іс-шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің қалалық департаментінің басшысы А. Жұмағали, әкім орынбасарлары, аудан әкімдері, аумақтық департаменттер мен басқармалардың басшылары, сонымен қатар, денсаулық сақтау ұйымдарының бас дәрігерлері, «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері қатысты.

Жиында Департамент басшысы  А.Жұмағали уәкілетті органмен жүзеге асырылатын алдын алу және қылмыстық-құқықтық шараларға тоқталды.

Халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған мемлекеттің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі рөл жергілікті атқарушы органдарға берілген.

Бұл жоғары жауапкершілікті жүктейді және кәсібилік пен мінсіз моральдық қасиеттерді талап етеді.

Өткен жылы Департаментпен 118 құқық бұзушылық тіркелді. Тіркелген қылмыстардың ішінде парақорлық 53  және 47 жымқыру фактілері басым.

Олардың арасында қарапайым қызметкерлер де, әртүрлі деңгейдегі басшылар да бар.

Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны білім саласында 31, құқық қорғау блогында 20 факт, ауыл шаруашылығы саласында – 15, денсаулық сақтау – 12, әлеуметтік қамтамасыз ету және құрылыс – 8-ден, жер қатынастарында  6-дан тіркелген.

«Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады.Өткен жылғы сандарға сәйкес осы саладағы қылмыстардың төрт есе өсуі байқалады. Аталған сала сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша көшбасшылар қатарына енді.

Өткен жылдың өзінде Департаментпен медицина қызметкерлеріне қатысты 12 қылмыс тіркелді. 4 тұлғаға қатысты сот үкімі шығарылды» — деді Асхат Жұмағали.

Кейбір қылмыстар пандемия кезінде, халық медициналық қызметкерлердің көмегіне мұқтаж болған кезде жасалғандығы жағдайды қиындатады.

А.Жұмағалидің айтуынша, жалпы алғанда есепке қою, туу туралы куәлік беру, жұмысқа орналастыру үшін ақша талап етілуде (сомасы 300 мың теңге және одан жоғары). Сыйақы бергеннен кейін басшылар қол астындағылардан ақша жинауда.

«Жалпы, бұл мәселеге бейінді басқарма басшылығы, сондай-ақ бас дәрігерлердің өздері тарапынан жеткілікті көңіл бөлінбейтінін атап өткім келеді.

Бұл жерде кешенді шаралар қабылдай отырып, түбегейлі, нақты іс-қимыл қажет деп санаймын.

Жағымсыз жағдайды өзгерту үшін сыртқы талдау барысында анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ескере отырып, Жол картасын әзірлеу қажет деп санаймыз» — деп атап өтті А.Жұмағали.

Департамент басшысының айтуынша құжатта медициналық мекемелерге жұмысқа орналасу кезінде ашықтықты қамтамасыз ету бойынша нақты тетіктерді тұжырымдау, байланысты болдырмау үшін қызметтерді барынша цифрландыру, мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезіндегі тәуекелдерді жою қажет.

Әрбір медициналық мекемеде әкімнің жетекшілік ететін орынбасарына тікелей есеп беретін комплаенс қызметін (офицерлерді) құру ұсынылды.Тұлға қандай да бір мекемедегі сыбайлас жемқорлық жағдайы туралы мониторинг жүргізеді және хабардар етеді.

Ол сондай-ақ медициналық мекемелердің басшыларына сыбайлас жемқорлықтың себептерін жою бойынша шаралар қабылдау керектігіне назарларын аударды.

Жиын шеңберінде «Transparency Kazakhstan» қоғамдық қоры жүргізген өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың жай-күйін зерттеу нәтижелері қаралды.

Олардың қорытындылары, денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық жағдайы және жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау нәтижелері туралы қалалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі басшысының бірінші орынбасары Т.Серікбаев толығырақ баяндады.

Іс-шара барысында жиынға қатысушыларға қылмыстық процесте және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша заңнамадағы жаңашылықтар таныстырылды.

Сонымен қатар, жиында «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жани Қамбар жобалық кеңсенің 2020 жылғы атқарылған жұмыстары туралы мәліметтер берді.

Қала әкімі М.Әйтенов Елбасы мен Мемлекет басшысымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте нақты басымдықтар қойылғанын атап өтті. Ол сыбайлас жемқорлықты жою үшін бірлескен күш-жігерді біріктіруге шақырды.

Шара соңында үшінші мегаполистің әкімі Мұрат Әйтеновке сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға қосқан үлесі үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Төрағасы А.Ж.Шпекбаевтың Құрмет грамотасы табысталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444