Татулық пен берекенің ұйытқысы
1990 жылы Бас Ассамблея 1 қазанды «Халықаралық қарттар күні» деп жариялаған болатын. Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы №129 жалпы орта білім беретін мектебінде «1 қазан — Қарттар күні» мерекесіне орай «Қарттарым — асыл қазынам» атты онлайн мерекелік іс-шаралар өткізілді. Жас мұғалімдер ардагер ұстаздарды шаңырақтарына барып құттықтап, сый-сияпат көрсетті. Татулық пен берекенің ұйытқысы, даналық пен тұтастықтың тұтқасы — қадірлі қарияларымыздың мерейлі мерекесі 1 қазан — Халықаралық қарттар күнінде ақпейіл ізгі тілектер айтылды.
Аталмыш іс-шараның мақсаты – қарттарға құрмет көрсетіп, оларды назардан тыс қалдырмау. Сондай-ақ, жастардың бойына қайырымдылық қасиетін сіңіру, қоғамда қазыналы қарттарымызды бағалау керек екенін насихаттау болып табылады. Асыл қазыналы қарттарымыз әрқашан сый-құрметті болсын.