«Үйіміздей ұстайық»: Шыңғыс Мұқан шымкенттік жастармен көше тазалап шықты
Бұл туралы Әйтеновтің орынбасары өзінің Facebook парақшасында мәлімдеді. Оның жазуынша, халықтың экологиялық санасын қалыптастыруды көздейтін қозғалысқа кез келген адам қатыса алады.
«Жол жиегінде жатқан сынған шиша, мыжырайған пластик бөтелке мен желге ұшқан селдір пакет, темекі тұқылын қол жеткен жерге дейін тазалап шықтық.
EcoSana-ның басты мақсаты тазалау емес, ластамау. Ластамасақ, тазалаудың да қажеті жоқ. Қала тұрғындарын жол-жөнекей қоқыс тастамауын сұраймыз. Келесі сенбіде де бір жерге жиналып, қаланың қоқысы көп аумақтарын тазалаймыз. Алдын ала хабарлаймыз. Жиналған қоқыс таразыға тартылып, апта сайын және ай сайын жеңімпаздарды марапаттап отырамыз. Бүгінгі тазалықта, алдын ала ақпарат бойынша, Медицина колледжінің командасы жеңіске жетті», — деп жазды Шыңғыс Мұқан өзі бөліскен видео анықтамасына.