Шымкент қалалық өзбек драма театрының қызметкерлері төсбелгілермен марапатталды

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай Шымкент қалалық өзбек драма театрының қызметкерлері төсбелгілермен марапатталды. Атап айтсақ Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдық мерекелік медалімен театрдың бас режиссеры Жавлон Сайитов, театр әртісі Улуғбек Насыров және «Алтын кітап» ҚР білім, ғылым, мәдениет, өнер, тәрбие әлеуметтану, экономика, әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы үздік қызметкерлердің «Таңдаулы тұлға» республикалық энциклопедиясына енгені үшін, кәсіби саласында жеткен нәтижелі жетістіктері мен үздік қызметі үшін «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі, «Құрмет грамотасы» мен директор орынбасары Комилжон Сайитов, театр әртісі Улуғбек Насыров, режиссер Жавлон Сайитов, бас суретші Сайидаултан Джахангиров, театр актрисасы Дилфуза Ибрагимжановалар марапатталды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


444