Татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің салт-дәстүрі, тілі және мәдениетіне арналған дөңгелек үстел өтті
Биылғы Қазақстан халқы Ассамблеясының 25 жылдығы аясында Шымкент қаласындағы Қоғамдық келісім сарайының конференц-залында Татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің салт-дәстүрі, тілі және мәдениетіне арналған онлайн режимде дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты — ұмытылып бара жатқан салт-дәстүрімізді насихаттау, тілімізді құрметтеу болып табылады. Дөңгелек үстелде бірлестік төрайымы Әсия Ерікқызы Мұхамедова сөз сөйлеп, татар халқының сонау VI-VII ғасырлардан бастау алатын тарихына, ұлттық салтына және қазақ халқының әдет-ғұрпына ұқсас келетініне тоқталды. Татар тілі — түркі тілдес халықтары тілдерінің бір тармағы.
Татар-башқұрт этномәдени бірлестігі қоғамдағы мәдени іс-шараларға белсене қатысып келеді. Бірлестік жанында ән-би ансамблі, қолөнер шеберлері бар.