КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА ҚАЙТА ЖАҢАРТУДАН ӨТІП ЖАТҚАН ҮЙЛЕРГЕ МОНИТОРИНГ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Бүгін «Түркістан-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің менеджерлері, Кентау -адалдық алаңы жобалық кеңсесімен бірлесіп, Түркістан облысына қарасты, Кентау қаласындағы Абай даңғылы 19, Ыбырай Алтынсарин 3, Ш.Уәлиханов 132 көшелерінде орналасқан қайта жаңғыртудан өтіп жатқан үйлердің жөндеу жұмыстарына мониторинг жұмыстары жүргізілді.
Аталған тұрғын үйлердің жөндеу жұмыстары 2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын терможаңғырту бағдарламасы аясында жүзеге асырылған.
Мониторинг барысында жылу құбырларының сыртының изоляцияланбағаны және электр желісі сымдарының дұрыс орналаспағандығы анықталды.
Анықталған кемшіліктер бойынша Кентау қаласы әкімдігіне ұсыныстар жолданатын болады.
Айта кететін жайт осы уақытқа дейін аталған бағдарлама аясында өңірімізде 44 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.